2023,cәуір,11 Шаһкәрім Құдайбердіұлы - ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері
- Category: Іс-шаралар
- Published on Wednesday, 12 April 2023 03:24
- Written by Библиотекарь Л.Куантаева
- Hits: 1054
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта Шаһкәрім Құдайбердіұлының 165-жылдығына арналған «Шаһкәрім Құдайбердіұлы - ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері» атты әдеби-көркемдік кеш өтті.
Шаһкәрім Құдайбердіұлы – Абайдың соңғы Дешті. Қыпшақтың ең көрнекті тұлғасы, ұлы ақыны, ғұлама ойшылы, қайталанбас сазгері, озық аудармашысы, һәм қоғам қайраткері. Біздің тұған елімізде, ұлттық әдебиетімізде Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға - Шаһкәрім.
Роллан Сейсенбаев айтқандай: «Шаһкәрім өлеңдерінің әр жолы – көркемдік үлгісі, тартынып талмайтын кеңдік, сарқырап аққан судай тазалық, сәнді салтанат, әрине, қалын мұңлы шер».
Шараға Шаһкәрім Құдайбердіұлының шөпшегі, Абай мен Шәкәрімнің идеяларын насихаттаушы, ардагерлер клубының белсенді мүшесі, домбырашы Уақпаева Құралай Мұхаметшайыққызы қатысты.
Құралай Мұхаметшайыққызы - «Павлодар облысының 75-жылдығы». «Бейбітшілік әлемі» және «Корона» медальдарының иегері. Халық Ассамблеясы атынан «Дара жолы» төс белгісімен марапатталған. 2022 жылы қасиетті Мекке–Мединада Умра қажылықты шариғат бойынша толық орындады. Көрнекті атасының жолын басып, қазақ халқының асыл қазынасы дегендей, домбырасын қолында мәңгі ұстап жүреді. Шежіре бойынша, Абайдың әкесі Құнанбай Құралай-апаның жетінші атасы екен.
Шара барысында Шаһкәрім Құдайбердіұлы тұралы баяндама жасалды. 9-а сынып оқушылары Шаһкәрім-атамыздың өлеңдерін оқыды. Құралай-апа әңгімесін туыстардың қызықты уақиғаларымен толықтырды және домбырада Шаһкәрімңің әндерін орындады.
Құралай Мұхаметшайыққызына мектеп басшысы атынан алғыс хат табысталды. Соңында, Құралай-апамыз балаларға өсиет айтып, батасын берді.
Кітапханашы Л.Куантаева