2025,ақпан,28 Алғыс айту күні
- Category: Іс-шаралар
- Published on Monday, 03 March 2025 04:45
- Written by Administrator
- Hits: 33

Көктемнің алғашқы күні – 1 Наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні аталды. Осы күнні қарсаңында 2025 жылғы 28 ақпанда мектеп-интернат музыкалық колледжімен бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ғалия Балтабайқызы Сұңғатова, Күнекей Қабиқызы Резуанова, Жібек Әнуарбекқызы Маханова шақырылды. Қонақтар мерекенің маңыздылығына тоқталды. Аталған мерекенің басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойында төзімділік, өзгеге құрмет көрсету және этносаралық келісімді нығайту. Әжелер қол өнерлері туралы сыр шертіп, ұлттық құндылықтар туралы айтып, оқушыларға жұмбақтар жасырды. Музыкалық колледждің студенттері жиналғандарға өз өнерлерін ортаға салды.