2025,ақпан,27 Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталатын Павлодар көшелері
- Category: Іс-шаралар
- Published on Friday, 28 February 2025 07:34
- Written by Administrator
- Hits: 57
Музыкалық мектеп-интернатта «Замандас» ардагерлер клубының өкілдері В.Ж. Жапарова, Н.А. Мухина, Н.И. Ермоленко және Н.К. Байтокинамен бірге «Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталатын Павлодар көшелері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Әңгіме барысында олар Ұлы Отан соғысындағы Павлодар облысының батырлары туралы, жерлестерінің фашистік әскерлерді жеңуге белсене қатысуы, біздің батырларымыздың ортақ Жеңіске қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
Ұлы Отан соғысының батырларын, біздің жерлестеріміз - павлодарлықтарды еске алуға арналған фотокөрме ресімделді: К.А Семенченко, К. Камзин, М.М. Катаев И.И. Кривенко, М.К. Қайырбаев, А.Н. Ёлгин, С. Муткенов, И.Г. Ледовский Г.У. Ткачев, И.Д. Ворушин. Олардың ұлы ерлігін әрдайым есте сақтау керек.
Мектеп-интернат қонақтары мен оқушыларының орындауында соғыс жылдарындағы «Катюша», «Смуглянка» әндері орындалды. Бұл әндер ең қиын уақытта жауынгерлерді ұрыс алаңында қолдап, тылда жұмыс істейтін олардың туыстарына үміт ұялатты.
Ұлы Отан соғысы біздің жадымызда мәңгі сақталады.
А.Е. Кауашева, О.С.Дашковская.