2025,ақпан,28 Мейірімділік - заманауи ұғым
- Category: Іс-шаралар
- Published on Friday, 28 February 2025 09:29
- Written by А.Е.Кауашева
- Hits: 52

Мектеп-интернатында оқушылармен "Мейірімділік - заманауи ұғым" тақырыбында адамгершілік туралы әңгімелесу өткізілді. Осы мәселе қазіргі кезде өте өзекті тақырып өйткені қазіргі әлемде адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік жоғалды. Ал жасөспірім балалар үшін өзектілік одан да артуда. Бұл әңгіме балалардың таңдау талғамына байланысты, өйткені ол балалардың жасына және қызығушылығына сәйкес таңдалған, сабақтың тақырыбын анықтауға бағыттайды. Оқушылар қоғамдағы мінез-құлықтың эстетикалық нормалары және бір-бірімен қарым-қатынас туралы әңгімелесіп, жақын адамдарына деген қамқорлық жасау жайында пікірлесті. Сабақ ішкі жағдайды тұрақтандыру, позитивтілікті арттыру, өз жұмысында өзін-өзі еркін сезіну, мейірімділік шеңберімен аяқталды.