2021,қазан,25 Әдеби калейдоскоп
- Category: Іс-шаралар
- Published on Monday, 25 October 2021 05:32
- Written by Administrator
- Hits: 1453
Дарынды балаларға арналған музыкалық интернаттың кітапханашысы Л.Куантаева «Әдеби калейдоскоп» атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағаты ақын-жазушылар Қасым Аманжолов 110-жылдығы, Хамит Ерғалиев 105-жылдығы, Сайын Мұратбеков-85 жылдығы Роллан Сейсенбаевтың-75 жылдык мерейтойларына арналды.
5, 7, 9 сыныптарының оқушылары кітапханашының әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Атақты қалам шеберлерінің өмірінен көптеген қызықты нәрселерді білді, өмірбаяндары мен шығармаларымен танысты.
Қазақ ақыны, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Аманжолов Қасым Рахымжанұлы 1911 жылы 11 қазанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ата -анасынан ерте айырылып, интернатта тәрбиеленді. Фельетондар, бір актілі сатиралық пьесалар жазды. Қазақ тіліне А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А.Т. Твардовскийдің шығармаларын аударған. Өзінің өлеңдеріне бірнеше әуен шығарды. 1955 жылы 18 қаңтарда қайтыс болды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Орал, Атырау қалаларында Қ.Аманжоловтың аты көшелеріне берілді. Қарағанды қ. Қ.Аманжоловқа ескерткіш тұрғызылды.
Қазақ ақыны және аудармашы, Қазақ КСР халық жазушысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы Хамит Ерғалиев 1916 жылы 14 қазанда Атырау облысында туған. Хамит Ерғалиев – әртүрлі тақырыптағы 30-дан астам поэзиялық кітаптардың авторы. Х.Ерғалиев шетел шығармаларын қазақ тіліне аударушы да болды. Аударылған шығармалардың қатарында Дж.Г.Байрон, Н.А.Некрасов, А.Навои, Низами, Софокл, Назим Хикмет, Пабло Неруда, В.Шекспир, қырғыздың «Манас» эпосы, қарақалпақтардың «Қырық қыз» эпосы және т.б. бар. 1997 жылы 13 желтоқсанда қайтыс болды. Алматы қ, Весновка өзенінің жағалауы Хамит Ерғалидың атымен аталды.
Кеңестік қазақ жазушысы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда Талдықорған облысында дүниеге келген. Ол анасынан ерте айырылды, ал әкесі Ұлы Отан соғысы кезінде майданда болғандықтан, оны атасы тәрбиеледі. 1976 жылы жарық көрген «Жусан иісі» атты өмірбаяндық повесінда соғыстан әкесін күткен бала Аянның өмірін суреттейді. 2014 жылы бұл кітап «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында бір оқуға таңдалған кітабы болып аталады. «Менің әпкем» және «Жазғы түн» әңгімелері бойынша «Сүйікті» қысқаметражды фильм түсірілді. 1976 жылы Сайын Мұратбековтің сценарийі бойынша «Баланың оралуы» фильмі түсірілді. 1983 жылы «Ленфильм» киностудиясында Сайын Мұратбековтың осы аттас повесі бойынша «Күзгі бұралаң жолдар» фильмі түсірілді. 2007 жылы 13 наурызда Алматы қаласында қайтыс болды. 2017 жылы Сайын Мұратбеков тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
Қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, баспагер, Қазақстанның қоғамдық және саяси қайраткері Роллан Шәкенұлы Сейсенбаев 1946 жылы 11 қазанда Семейде қ. тұған.
1992 жылы «Ядролық сынақтардан зардап шеккен - балаларға» арналған қорды құрды. 1993 жылы Республикалық «Қазақстан» телекомпаниясында «Абай әлемі» бағдарламасын ұйымдастырды. 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың туғанына 150 жыл толатын жылы жазушы Лондонда Абай үйін ашты - Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдени орталығы. 2000 жылы Семей қаласында Абайдың халықаралық клубын ашты. «R.S.» баспасы 2005 жылы құрылған. «R.S.» Абай клубының кітаптарын, «Аманат» журналын және оның кітапханасының кітаптарын басып шығарады және насихаттайды. 2012 ж. – Әл-Фараби атындағы Ұлттық Қазақ университеті жанындағы Әлем халықтары әдебиеті институтының директоры.
Санта -Марина (АҚШ), Семей қалаларының құрметті Азаматы.