"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muzshkola_pavlodar


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Мектеп туралы жалпы мағлұмат
Мектеп инспекторы
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ
Дарынды балалармен жұмыс
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс
Қаржыландыру жоспары
Рухани жаңғыру
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мұрағат
Жалпы білім
Біліктілікті арттыру
Ашық сабақтар
Іс-шаралар
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Пайдалы сайттар
Әлеуметтік педагог
Кітапхана
Кітапханашы
Кітапхана
Электрондық кітапхана
Жылдық жоспар
Оқу мектебі
Галерея
Фото
Бейне
Талапкерлерге арналған
Список поступивших в 1 класс
Мектеп психологы
Психолог
Ұсыныстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғаңыз
Жаңа короновирус инфекциясы (COVID-19) туралы аңыздар мен шындықтар
Өзіңізді жаңа короновирус инфекциясынан (COVID-19) қалай қорғауға болады көшіріп алу
Қандай жағдайларда маска кию керек?
Аттестаттау 2022-2023
1 Бұйрық
2 Жарғысы
3 Лицензия
4 Штаттық кестесі
5 Тарифтеу тізімі
6 Педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер
7 Самоанализ

Мектепке түсушілердің тізімі


2023,сәуір,7 Халықаралық балалар кітабы күні

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 10 April 2023 08:55
  • Written by Библиотекарь Л.Куантаева
  • Hits: 1430

Жыл сайын 2 сәуірде әлемде Халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Осы мереке аясында дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханасында «Кітап мерекесі» атты кітап көрмесі дайындалып, тек бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар ұсынылды. Олардың ішінде: қазақ тіліндегі балалар әдебиетінің антологиясы, Андерсен ертегілері, ағайынды Гримм ертегілері, қазақ және орыс ертегілері, «Дымбілместің басынан кешкендері», «Капитан Врунгельдің басынан кешкендері», «Қисық айна патшалығы», «Маугли», «Әженің ертегілері», «Дәут атаның ертегілері», «Питер Пэн», «Алдар Көсе», Фариза Оңғарсынова мен Агния Бартоның өлеңдері, Астрид Линдгреннің әңгімелері және басқа да көптеген қызықты кітаптар.
Бұл шынымен де кітап мерекесі болды. 2-ші сынып оқушылары жұмбақтарды тауып, кітап туралы өлеңдерді оқыды.
Біліндер: күніне 10 бет оқысандар, жылына 3650 бет болып шығады, бұл кемінде 12 кітап.
Психологтардың айтуынша, кітап оқу стресс деңгейін 68%-ға төмендетеді. Сондықтан, балалардың үнемі көңіл-күйде болуы үшін кітаптарды оқу керек. Халықаралық балалар кітабы күні ұлы ертегіші және балаларға арналған сиқырлы кітаптарды жасаушы Ганс Кристиан Андерсеннің туған күніне арналған. Андерсен барлығы 3342 шығарма жазды, оның шығармалары 125 тілге аударылған және ізгілік пен өміршеңдіктің мызғымас тағылымын білдіреді. («Дюймовочка», «Қар ханшайымы» «Ұсқынсыз үйрек», «Бұршақ үстіндегі Ханшайым», «Жабайы аққулар», «Қайсар қалайы сарбаз» , «Оле Лукойе», «Шошқа бағушы». «Бұлбұл»)
1967 жылдан бастап әлемде балалар әдебиетінің мерекесі тойлана бастады. Сонымен қатар, IBBY негізін қалаушылар мен белсенділері екі жыл сайын үздік жазушыны таңдап, оны беделді Андерсен сыйлығымен марапаттайды.

1977 жылы балалар жазушыларын ғана емес, балалар әдебиетінің иллюстраторларын да ынталандыру әдетке айналды. Өйткені, олар балаларға арналған әдемі, мейірімді, танымдық кітаптарды жасауға үлкен үлес қосады.
Кітаптар – бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Кітапханашы Л.Куантаева

ЖАҢАЛЫҚТАР