"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muzshkola_pavlodar


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Мектеп туралы жалпы мағлұмат
Мектеп инспекторы
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ
Дарынды балалармен жұмыс
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс
Қаржыландыру жоспары
Рухани жаңғыру
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мұрағат
Жалпы білім
Біліктілікті арттыру
Ашық сабақтар
Іс-шаралар
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Пайдалы сайттар
Әлеуметтік педагог
Кітапхана
Кітапханашы
Кітапхана
Электрондық кітапхана
Жылдық жоспар
Оқу мектебі
Галерея
Фото
Бейне
Талапкерлерге арналған
Список поступивших в 1 класс
Мектеп психологы
Психолог
Ұсыныстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғаңыз
Жаңа короновирус инфекциясы (COVID-19) туралы аңыздар мен шындықтар
Өзіңізді жаңа короновирус инфекциясынан (COVID-19) қалай қорғауға болады көшіріп алу
Қандай жағдайларда маска кию керек?
Аттестаттау 2022-2023
1 Бұйрық
2 Жарғысы
3 Лицензия
4 Штаттық кестесі
5 Тарифтеу тізімі
6 Педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер
7 Самоанализ

Мектепке түсушілердің тізімі


2021,желтоқсан,10 Мен бақытты адаммын

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Friday, 10 December 2021 03:46
  • Written by Administrator
  • Hits: 1469

«Большая перемена» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп -интернатының кітапханашысы Л.Куантаева П.Васильев атындағы әдеби бірлестікпен бірге әдеби қонақ бөлмесінде кездесу өткізді. Бұл жолғы қонағымыз ақын, журналист, педагог Елена Валентиновна Вайберт.
Кітапханашы мектеп оқушыларына Елена Вайбертті таныстырды. Елена Вайберт – филологиялық білімі бар журналист. Павлодарлық Мемлекеттік Педагогикалық институтты бітірген. Облыстық радиодағы «Пинг-понг» бағдарламасының авторы. Он жыл бойы облыстық «Твой мир» жастар газетінің бас редакторы болды. Сценарий жазады, жарнамамен, әдеби өңдеумен айналысады. 20 жыл бойы ИнЕУ-дің журналистика кафедрасында жұмыс істеді. Облысқа және Республикаға танымал Павлодар Оқушылар сарайының балалар баспасөз орталығының жетекшісі.
П.Васильев атындағы Павлодар әдеби бірлестігінің мүшесі. Жергілікті баспасөзде, қазақстандық «Сборник самоотверженных авторов и писателей» (Астана, 2013 ж.), «Литературный альманах современных русских авторов» (Германия, 2014) және «Павлодарские облака» (Павлодар, 2015); балаларға арналған «Волшебные буквы» (Павлодар, 2016) кітаптарында жарияланған. Ресейдегі «Золотой соболь» және неміс «Русский STYLE» жарнамалық және PR байқауларының жеңімпазы. «Жалпы диктанттың» бес дүркін үздігі.
9-Б сыныбының оқушылары «Наш любимый Казахстан», «Платье их чепухи», «Бах» , «Ёлка», «Молитва матери над Дюссельдорфом», «Музыкант» өлеңдерін ықыласпен тыңдады. Ал Елена Вайберттің сөзіне жазылған «Қызым», «Музыкант», «Ойыншық» әндері ешкімді бей-жай қалдырмады.
«Сіз бақытты адамсыз ба?» деген сұраққа нақты жауабын берді: «Иә, мен бақыттымын, өйткені мен өзім жақсы көретін іспен айналысамын - адамдар үшін максималды пайдамен және өзім үшін максималды кайфпен». Бақыт үшін тағы не керек.
Елена Валентиновна кітапханаға жеке қолтаңбасы бар «Павлодарские облака» кітабын сыйға тартты.

2021,желтоқсан,03 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫРЫ

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Friday, 03 December 2021 09:50
  • Written by Administrator
  • Hits: 1145

3 желтоқсан күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫРЫ» атты ҚР тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған салтанаттық кеші өткізілді.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені қазақ халық аспаптар оркестрі және фольклорлы ансамблі кешімізді әдемі сазды әуендермен безердірді.
Кештің қадірлі қонақтары:
Филология ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Университеттің профессоры, академигі, доценті,ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы, филология кафедрасының менгерушісі Зейнуллина Айман Файзуллаевна;
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Алтын қалам" әдеби сыйлығының иегері, ақын, сатирик, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық тіркеу бөлімінің басшысы Алпысбай Хонж;
Павел Васильев атындағы бірлестігінің мүшесі, «Жаңа күнді қарсы аламын» өлеңдер жинағының авторы. 2021 жылы өлеңдері «Найзатас» журналының бірінші нөміріне кірді. Оның өлеңдеріне бірнеше ән жазылған. Көркем өнер шебері, көлемді ағаш ою және безендіру шебері Борисовская Наталья Васильевна;
«Серебряные струны» авторлық клубының мүшелері Мәулен Кожахметов және Константин Симонов.
Көрмеде суретші Балшекер Кулышеваның суреттері, көз мүгедек қолөнерші К.Жақсылыкованың киізден жасалған және қолонерші Н.Борисовскаяның ағаштан жасалған бұйымдары және балалардың суреттері қойылды. Тақырып бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп қабырғасында бір жыл аралығында этнография олимпиадасы бойынша «Эссе сайысы» өткізілген еді, соның женімпаздары марапатталды.Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына арналған «Сурет сайысы» өткізілген еді, соның женімпаздары да марапатталды.
Шара қызықты және пайдалы өтті, тәуелсіздік туралы бейнекөрініс көрсетілді.

2021,қараша,29 Керемет жандар

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 29 November 2021 03:49
  • Written by
  • Hits: 1607

26 қараша күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Қуантаеваның «Ертіс» ҚБК бірлесіп дайындаған «Керемет жандар» әлеуметтік бағдарламасының кезекті бағдарламасы шықты. Бұл бағдарламаның кейіпкерлері – талантты мүмкіндігі шектеулі адамдар.
⠀ Бағдарламаның қонақтары: Ахметов Нұрсултан Нурланүлы (арбадағы мүгедек) және Аубакирова Бақтыгүл Иембергеновна (көзі нашар көретін).
Ахметов Нұрсултан Павлодар индустриалды институтты бітірді. Әскери борышымды Белоруссияда ақтады. 2000-2004 жылдары Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында, Торайгыров атындағы Университетте де жұмыс істеді. 2004 жылы аварияға түсуп қалды.
Осы уақиғадан кейін бәрі өзгерді: реабилитация, өмірге деген көзқарасыа Аллаға сену... Ақырын қазақша, содан кейін Құран оқи бастады. Алланың қолдауымен ойлары өлең болып шықты. Тақпаөтарды 16-жасында жазатын еді, ал 2005 жылдан бастап байыпты жаза бастады. Орыс мектебінде оқығандықтан, өлеңдерінің көбі орыс тілінде жазылған. Бірақ қазір, Аллаға шүкір, ол қазақ тілінде жазады, Құран оқиды, көптеген философиялық өлеңдер жазады. Өлеңдері интернетте – stihi.ru әдеби порталында және қазақша proza.kz порталында, сондай-ақ ресейлік «Поэт года -2013» ресейлік журналында жарияланған. Оның ең үлкен арманы - өз өлеңдер жинағын шығару.
Аубакирова Бахытгүл – облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап кітапхананың кітапханашысы. Қиыншықықтарға қарамай, №27 орта мектепті бітірді. Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» маманы бойынша оқыды.
2018 жылы Брайль бойынша оқып, енді өзі де оқытады. Арнайы кітапхана қызметкерлеріне Бахтыгүл жылы лебіздерін, ризашылығын білдірді.
«Керемет жандар» бағдарламасында өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Көрермендердін көңілін көтеру үшін, дарынды балаларға арналған музыкалық-интернат мектебінің оқушылары Нәби Асыл (7-а) және Седых Роман (5-б) волторна пен фаготта әдемі әуендерді сыйға тартты.
⠀ «Керемет жандар» жобасын әр айдың соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.

2021,қараша,27 Кітаппен сиқырлы саяхат

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 29 November 2021 03:56
  • Written by Administrator
  • Hits: 1469

«Оқұға құштар» жобасы аясында дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева 2-А сынып оқушыларына «Кітаппен сиқырлы саяхат» атты сынып сағатын «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабы бойынша өткізді.
Біз тамаша мемлекетте тұрамыз – Қазақстан Республикасында. Бірақ біздің үлкен еліміздің түкпір-түкпіріне бару үшін пойыз немесе ұшақ билетін сатып алудың қажеті жоқ. Мен сендерді осы кітаптың беттерін оқи отырып, еліміз бойынша сиқырлы саяхатқа шығуға шақырамын. Енді біз онымен танысуды бастаймыз. Бұл кітапты оқығаннан кейін сендер көптеген құпияларды біліп, керемет жаңалықтар жасай аласындар. Өздеріңіз үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйренесіндер.
Отан дегеніміз не? Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? Біздің Тудың неліктен көк екенін?
Балалар Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өлеңдерді оқиды

Қазақстан – бұл дала елі. Қазақстан – таулар елі.Қазақстанда өзендер мен көлдер өте көп. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. 14 облыстарымыз, 81 қала. Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтанғада саяхат жасадық.
Әрбір саяхат, тіпті ең қызықтысы да аяқталады. Барлық жер жақсы, бірақ біздікі ең жақсы! Тек үйде әр жол таныс, сені бәрі біледі, мұнда сенің туыстарың тұрады: әжең, атаң, әкең, анаң, ағаң мен әпкең, достарың мен құрбыларың.
Балалар жақсы дайындалды: «Менің Отаным-Қазақстан» көрмесінде балалардың суреттері қойылды. Қазақстан туралы тақпақтарын оқыды.
«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабында және көрмеге қойылған басқа кітаптарда Қазақстан туралы көптеген қызықты ақпараттарды таба аласындар.

2021,қараша,12 КІТАПХАНА - дегенеміз не?

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Friday, 12 November 2021 06:39
  • Written by Administrator
  • Hits: 1685

12 қараша күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың кітапханашысы Л.Куантаева 3 «Б» сынып оқушыларына «Кітапхана – дегеніміз не?» атты сағатын өткізді.
Балалар кітапхананың не екенін білді: бұл кітап сақталатын орын. Біз де білдік. «Кітапхана» сөзі нені білдіреді? Ол кітаптар қоймасы. Оқуға құмар оқушылардың бірден шешетін кітаптар мен мақал-мәтелдер туралы көптеген жұмбақтар болды. Кітапханашы балаларды кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен, кітап қанша күнге берілетіндігімен, кітаптарды қалай ұстау керектігімен таныстырды. Кітапханада тек кітаптар мен оқулықтар ғана емес, журналдар мен газеттерді де алуға болатынын білдік.

«Кітап ойлауға, түсінуге, дос болуға үйретеді» деген пікірге оқушылардың барлығы қосылды. Барлық сұрақтардың жауабы тек кітапта. Жалықсаңыз кітапты қолыңызға алып оқи аласыз.
Балалармен блиц-сауалнама жүргізілді: бұл мекеме неліктен кітапхана деп аталады; кітаптарды қанша күнге алуға болады; кітапханада өзінді қалай ұстау керек. Балалар барлық сұрақтарға жауап берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР