"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muzshkola_pavlodar


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Мектеп туралы жалпы мағлұмат
Мектеп инспекторы
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ
Дарынды балалармен жұмыс
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс
Қаржыландыру жоспары
Рухани жаңғыру
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мұрағат
Жалпы білім
Біліктілікті арттыру
Ашық сабақтар
Іс-шаралар
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Пайдалы сайттар
Әлеуметтік педагог
Кітапхана
Кітапхана
Электрондық кітапхана
Жылдық жоспар
Оқу мектебі
Галерея
Фото
Бейне
Талапкерлерге арналған
Список поступивших в 1 класс
Мектеп психологы
Психолог
Ұсыныстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғаңыз
Жаңа короновирус инфекциясы (COVID-19) туралы аңыздар мен шындықтар
Өзіңізді жаңа короновирус инфекциясынан (COVID-19) қалай қорғауға болады көшіріп алу
Қандай жағдайларда маска кию керек?
Аттестаттау 2022-2023
1 Бұйрық
2 Жарғысы
3 Лицензия
4 Штаттық кестесі
5 Тарифтеу тізімі
6 Педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер
7 Самоанализ

Мектепке түсушілердің тізімі


2023,ақпан,24 Қауіпсіздік апталығы

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 27 February 2023 04:16
  • Written by Administrator
  • Hits: 1407

Терроризм қаупі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты» кешені» ММ-де 2023 жылғы 20 ақпан мен 24 ақпан аралығында «Қауіпсіздік апталығы» өткізілді.
Балаларды қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне үйрету бойынша іс-шаралар жас ерекшеліктеріне қарай сараланған түрде жүргізілді: бастауыш және орта сынып оқушылары үшін бөлек. Жоғары сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығында көрсетілген нұсқаулықтармен де танысты. Кіші сынып оқушылары ойын әрекетінің көмегімен қауіпсіздік шараларын үйренді.
Тренинг барысында мұғалімдер келесі іс-шараларды ұйымдастырды және өткізді: терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы бейнероликтер, экстремалды жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша сынып және тәрбие сағаттары, интернаттан балаларды шұғыл эвакуациялау бойынша оқу іс-шаралары, телефон арқылы көрнекі ақпарат құқық қорғау және арнайы қызметтердің нөмірлері орналастырылған.

Қазақстан Республикасы «Қызыл Жарты Ай Қоғамы» Павлодар филиалының волонтерлерімен бірлесіп «Медициналық-құтқару қызметі келгенге дейін қолда бар құралдардың көмегімен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету» атты шеберлік сыныбы өткізілді.

2023,ақпан,15 «Кітап мерекесі»

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Thursday, 16 February 2023 04:10
  • Written by Кунязова А.С.
  • Hits: 1348

14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. 2012 жылы пайда болды және балаларға кітап сыйлайтын және олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятатындардың барлығын біріктіруге арналған мереке.
Осындай тамаша мерекеге орай дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында «Кітап мерекесі» ұйымдастырылды. Тұсаукесерде жаңа түскен кітаптар ұсынылды. Осында «Питер Пэн», Андерсеннің ертегілері, Қазақ еретегілері, Дымбілместің және оның достарының хиқаялары, Маугли және Карлсон. Мектеп бағдарламасы бойынша «Менің атым Қожа», «Жау тылындағы бала», «Абайдың қара сөздері», «Абай жолы», Есенберлин, Бөкеев, Торайғыров шығармалары. Шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары және басқа да көптеген қызықты кітаптар болды.
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Түрлі-түсті кітаптар балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қызықты болды.

2023,қаңтар,17 «Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата»

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Wednesday, 18 January 2023 03:42
  • Written by Л.Куантаева
  • Hits: 1402

Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттын 4-б сыныбында «Қыста оқимыз» тақырыбы бойынша «Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата» атты мейірім сабағы өткізілді. Сабақ атақты жерлесіміз, балалар кітаптарының сүйікті авторы, белгілі ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100-жылдығына арналды.
Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Павлодар облысының құрметті азаматы, егемен Қазақстанның тұңғыш Әнұранының автоларынығ бірі Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында туды.
Бала кезінде ұлы Абайдың поэзиясымен, «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» халық өлеңдерімен танысады. Оқу репертуарында орыс классиктерінің шығармалары да болды; Толстойдың ертегілері, Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдері.
Мұзафар ауыл мектебін бітіргеннен кейн Павлодарлық орыс-қазақ педагогикалық учидищесине түсті. 18 жасында Мұзафар майданға аттанды. Әлімбаевтың өлеңдері фронт газеттерінде жарияланды. Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін 2-ші дәрежедегі Отан соғысы орденімен және медальдарымен марапатталды. Демобилизациядан кейін жас ақын өзін толығымен шығармашылыққа арнайды. 1948 жылдан 1958 жылға дейін «Пионер», «Қазақ әдебиеті» жұрналдарында жұмыс жасады. 1958 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін республикалық «Балдырған» балалар журналының бас редакторы болды. Ақынның өлеңдеріне 300-ден астам ғажайып әндер жазылды, олардың көбі шың мәнінде халық әндері болып кетті.
Мүзафар Әлімбаев көркем сөз зергері. Өлеңдерінде тілге женіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұз-аға, Мүзафар-ата - ізденгіш, талғамы күшті, мейірімді, бала жанын түсінетін талантты ақын.
Оқушылар оның өлеңдерін зор қызығушылықпен тыңдап, өлеңдері мен өтірік өлеңдерін ықыласпен оқып, жұмбактарды тауып, жаңылтпаштарды айта білді.
Кітапханашы Л.Куантаева

2022,қаңтар,26 Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Thursday, 26 January 2023 06:01
  • Written by Л.Куантаева
  • Hits: 1094

Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттын 5-а сыныбында «Қыста оқимыз» тақырыбы бойынша «Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата» атты мейірім сабағы өткізілді. Сабақ атақты жерлесіміз, балалар кітаптарының сүйікті авторы, белгілі ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100-жылдығына арналды.
Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Павлодар облысының құрметті азаматы, егемен Қазақстанның тұңғыш Әнұранының автоларынығ бірі Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында туды.
Бала кезінде ұлы Абайдың поэзиясымен, «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» халық өлеңдерімен танысады. Оқу репертуарында орыс классиктерінің шығармалары да болды: Толстойдың ертегілері, Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдері.
Мұзафар ауыл мектебін бітіргеннен кейн Павлодарлық орыс-қазақ педагогикалық учидищесине түсті. 18 жасында Мұзафар майданға аттанды.
Әлімбаевтың өлеңдері фронт газеттерінде жарияланды. Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін 2-ші дәрежедегі Отан соғысы орденімен және медальдарымен марапатталды. Демобилизациядан кейін жас ақын өзін толығымен шығармашылыққа арнайды. 1948 жылдан 1958 жылға дейін «Пионер», «Қазақ әдебиеті» жұрналдарында жұмыс жасады. 1958 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін республикалық «Балдырған» балалар журналының бас редакторы болды. Ақынның өлеңдеріне 300-ден астам ғажайып әндер жазылды, олардың көбі шың мәнінде халық әндері болып кетті. Соның ішінде, ең танымал «О, маралдым» әні әр-бір үйде әлі күнге дейін айтылады. Осы әнді балалар тыңдап, «біздің үйде-де осы әнді айтамыз» деп мақтанды.
Мүзафар Әлімбаев көркем сөз зергері. Өлеңдерінде тілге женіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұз-аға, Мүзафар-ата - ізденгіш, талғамы күшті, мейірімді, бала жанын түсінетін талантты ақын.
Оқушылар оның өлеңдерін зор қызығушылықпен тыңдап, өлеңдері мен өтірік өлеңдерін ықыласпен оқып, жұмбактарды тауып, жаңылтпаштарды айта білді.
Кітапханашы Л.Куантаева

2022,қараша,24 Республика күні

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Tuesday, 22 November 2022 06:18
  • Written by Кунязова А.С.
  • Hits: 1398

Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта Республика күніне арналған «Қазақстан – бақытым, бұлағым да, арқасүйер Отаным – қыраным да!» мерекелік шара өтті.
Шараның құрметті қонағы Казақстан жұрналистер одағынығ мүшесі, жазущы және аудармашы , Аққулы ауданының құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағлымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Сатыбалдин Серік Қинаятұлы болды.
Серік Сатыбалдин құттықтау сөздерін айтып, өлеңін оқыды.
Мектеп оқушылары: Байбулатов Санжар және Бащаева Майя өздері жазған өлеңдерін оқыды.
Шараға «Жетыген» ансамблі қатысты. Республика кұніне арналған челленджде оқылған ең ұздік өлеңдерді оқушылар оқыды. Шара әнұран орындауымен аяқталады.
«Ирбис» телеарнасы шара туралы сюжет түсірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР