2021,желтоқсан,10 Мен бақытты адаммын
- Category: Іс-шаралар
- Published on Friday, 10 December 2021 03:46
- Written by Administrator
- Hits: 1493
«Большая перемена» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп -интернатының кітапханашысы Л.Куантаева П.Васильев атындағы әдеби бірлестікпен бірге әдеби қонақ бөлмесінде кездесу өткізді. Бұл жолғы қонағымыз ақын, журналист, педагог Елена Валентиновна Вайберт.
Кітапханашы мектеп оқушыларына Елена Вайбертті таныстырды. Елена Вайберт – филологиялық білімі бар журналист. Павлодарлық Мемлекеттік Педагогикалық институтты бітірген. Облыстық радиодағы «Пинг-понг» бағдарламасының авторы. Он жыл бойы облыстық «Твой мир» жастар газетінің бас редакторы болды. Сценарий жазады, жарнамамен, әдеби өңдеумен айналысады. 20 жыл бойы ИнЕУ-дің журналистика кафедрасында жұмыс істеді. Облысқа және Республикаға танымал Павлодар Оқушылар сарайының балалар баспасөз орталығының жетекшісі.
П.Васильев атындағы Павлодар әдеби бірлестігінің мүшесі. Жергілікті баспасөзде, қазақстандық «Сборник самоотверженных авторов и писателей» (Астана, 2013 ж.), «Литературный альманах современных русских авторов» (Германия, 2014) және «Павлодарские облака» (Павлодар, 2015); балаларға арналған «Волшебные буквы» (Павлодар, 2016) кітаптарында жарияланған. Ресейдегі «Золотой соболь» және неміс «Русский STYLE» жарнамалық және PR байқауларының жеңімпазы. «Жалпы диктанттың» бес дүркін үздігі.
9-Б сыныбының оқушылары «Наш любимый Казахстан», «Платье их чепухи», «Бах» , «Ёлка», «Молитва матери над Дюссельдорфом», «Музыкант» өлеңдерін ықыласпен тыңдады. Ал Елена Вайберттің сөзіне жазылған «Қызым», «Музыкант», «Ойыншық» әндері ешкімді бей-жай қалдырмады.
«Сіз бақытты адамсыз ба?» деген сұраққа нақты жауабын берді: «Иә, мен бақыттымын, өйткені мен өзім жақсы көретін іспен айналысамын - адамдар үшін максималды пайдамен және өзім үшін максималды кайфпен». Бақыт үшін тағы не керек.
Елена Валентиновна кітапханаға жеке қолтаңбасы бар «Павлодарские облака» кітабын сыйға тартты.