2021,қараша,12 КІТАПХАНА - дегенеміз не?
- Category: Іс-шаралар
- Published on Friday, 12 November 2021 06:39
- Written by Administrator
- Hits: 1682
12 қараша күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың кітапханашысы Л.Куантаева 3 «Б» сынып оқушыларына «Кітапхана – дегеніміз не?» атты сағатын өткізді.
Балалар кітапхананың не екенін білді: бұл кітап сақталатын орын. Біз де білдік. «Кітапхана» сөзі нені білдіреді? Ол кітаптар қоймасы. Оқуға құмар оқушылардың бірден шешетін кітаптар мен мақал-мәтелдер туралы көптеген жұмбақтар болды. Кітапханашы балаларды кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен, кітап қанша күнге берілетіндігімен, кітаптарды қалай ұстау керектігімен таныстырды. Кітапханада тек кітаптар мен оқулықтар ғана емес, журналдар мен газеттерді де алуға болатынын білдік.
«Кітап ойлауға, түсінуге, дос болуға үйретеді» деген пікірге оқушылардың барлығы қосылды. Барлық сұрақтардың жауабы тек кітапта. Жалықсаңыз кітапты қолыңызға алып оқи аласыз.
Балалармен блиц-сауалнама жүргізілді: бұл мекеме неліктен кітапхана деп аталады; кітаптарды қанша күнге алуға болады; кітапханада өзінді қалай ұстау керек. Балалар барлық сұрақтарға жауап берді.