2019,қараша,05 Адалдық сағатының
- Category: Іс-шаралар
- Published on Wednesday, 06 November 2019 07:45
- Written by Administrator
- Hits: 3387
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.
Айта кетейік, бұл игі бастама дәстүрлі түрде жыл сайын оқу басында және жылының соңына дейін жүйелі түрде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген ел мақтаныштары мен қоғам белсенділерін қатыстыра отырып өткізілетін болады.
Жиын барысында әзірленген бейнероликті көрсетіп қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды«Жастар жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізілді.
Презентацияға шолу барысында сыбайлас жемқорлық туралы білім алушылар пікірлерін ортаға салып, өзара ой бөлісті.Жемқорлыққа жол жоқ ұранымен қортындылай келдік