"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muzshkola_pavlodar


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Мектеп туралы жалпы мағлұмат
Мектеп инспекторы
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ
Дарынды балалармен жұмыс
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс
Қаржыландыру жоспары
Рухани жаңғыру
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мұрағат
Жалпы білім
Біліктілікті арттыру
Ашық сабақтар
Іс-шаралар
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Пайдалы сайттар
Әлеуметтік педагог
Кітапхана
Кітапханашы
Кітапхана
Электрондық кітапхана
Жылдық жоспар
Оқу мектебі
Галерея
Фото
Бейне
Талапкерлерге арналған
Список поступивших в 1 класс
Мектеп психологы
Психолог
Ұсыныстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғаңыз
Жаңа короновирус инфекциясы (COVID-19) туралы аңыздар мен шындықтар
Өзіңізді жаңа короновирус инфекциясынан (COVID-19) қалай қорғауға болады көшіріп алу
Қандай жағдайларда маска кию керек?
Аттестаттау 2022-2023
1 Бұйрық
2 Жарғысы
3 Лицензия
4 Штаттық кестесі
5 Тарифтеу тізімі
6 Педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер
7 Самоанализ

Мектепке түсушілердің тізімі


2022,ақпан,04 Ерекше кітапханадан ерекше кітаптар

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 04 April 2022 14:43
  • Written by Administrator
  • Hits: 889

Халықаралық балалар кітабы күніне орай дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында ерекше кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ерекше кітаптар қарапайым балалар оқитын кітаптар сияқты емес: жұмсақ, жарқын, әріптер мен сандар қызықты кірістірілген болды. Бұл көзі көрмейтін және нашар көретін балалар оқитын тактильді кітаптар.
Көрмені облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұсынды.
Қызық болғаны сонша, барлық балалар оларды қолдарына ұстағысы келді. Олар көздерін жұмып, соқыр балалардың бұл әлемді қалай зерттейтінін, сандар мен әріптерді қалай танитынын елестетуге тырысты.
Әр кітаптың өз сыры бар, қажетсіз кітаптар жоқ.
Иә, шынымен де қажетсіз кітаптар жоқ! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылык!

2022,наурыз,15 Жайлау күні

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Wednesday, 16 March 2022 03:45
  • Written by Administrator
  • Hits: 958
Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.
Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.⠀
Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.
Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ізгі ниетпен
"Музыкалық колледж дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат"Кешені"ММ Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері.

2022,қаңтар,24 Ұрпағымыз білсін!

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 24 January 2022 06:41
  • Written by Administrator
  • Hits: 1147

«Үлкен үзіліс» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева «Ұрпағымыз білсін!» атты кездесуін ұйымдастырды.
1-А және 4-А сынып оқушылары ерекше талантты, қызықты адам және керемет әңгімелесуші апамен кездесті (жетекшісі Н.Каражанова)
Ағыманова (Аккузинова) Бакжамал-апа - жергілікті ақын, ұстаз, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі. 36 жыл мұғалімдік еңбек жолы ауылдық мектептерінде өтті.
Бақжамал Ағыманова ересектерге ғана емес, балаларға ерекше өлеңдер мен әндер жазады. Балаларға айтатын ұлағатты дана сөздер және өмірден алынған қызықты оқиғалалар кітаптарының ішінен таба аласыздар.
«Өлең адамға күш-қайрат косады» дегендей, қадірлі қонағымыз кішкентай бүлдіршіндерге арналған өлеңдерің оқыды.
Бақжамал Ағыманқызы тілге деген құрмет, отбасы тәрбиесі, кітаптың пайдасы туралы әңгімелерді қозғады.
Бір сағаттық қарым-қатынас балаларға көптеген тамаша минуттар сыйлады. Балалар әр өлеңді талқылады. Жақсылықтың тез бітетіні өкінішті... Бірақ мұндай кездесулер тағы да болады деп үміттенеміз.
Бақжамал-апамыз кітапханаға өзінің «Ұрпағымыз білсің!» кітабын сыйлады және жас ұрпаққа батасын берді.

2022,наурыз,11 Көңілімнің көктемі

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Monday, 14 March 2022 05:08
  • Written by Administrator
  • Hits: 897

11 наурызда «Үлкен үзіліс» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева 8-а және 9-а сынып оқушыларына «Көңілімнің көктемі» атты шығармашылық кешті ұйымдамстырды (сынып жетекшілері М.Ахмединова және Г.Мусина).
Осы жолы кештің қонағы Мәдениет қызметкері, Қазақстан республикасының «Мәдениет саласының үздігі», ерекше талантты ақын Алмагүл Әшімқызы Бұзаубаева болды.
Оқушыларды қонағымызбен таныстырып өттік. Алмагүл Әшімқызы киелі Май ауданы, Жаңатілек ауылында Тәйкенов Әшімнің отбасында дүниеге келген, бала кезінен Ырысты әжесінің тәлім-тәрбиесін көріп, эпос-жырлары мен қисса кітаптарды көп оқып, жұмбақ жасырып, әжесімен той-думандарға барғанда кейбір жыр-дастандарды жатқа да айтып, үлкендердің ыстық ықыласына бөлінген. Жастайынан өнерге жақын Алмагүл сол кездегі қазақтың ақын қыздары Фариза Оңғарсынова, Рза Қунақова, Мәриям Хәкімжанова, Күләш Ахметова, Аққұштап Бақтыгереевалардың шығармашылығымен танысып, қызығып, өлеңдерін жаттап өскен. Ақын қыздың көңілне шабыт отын жалындатып, қолына қалам алғызған да осы ақын апаларының рухты өлеңдері мен өмірден ерте өткен облысқа танымал айтыскер ақын ағасы Қаршыға Тәйкенов болса керек!
Шығармашылық кешті Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқисса» күйімен аштық.
Кеш барысында, «Шаңырақ» орталығы «Жас Қанат» студиясының әншілері Әлия мен Аида Каиржановтар «Ардақты менің ұстазым» әнін орындады. «Сапқа тұр майдангер!» әнің тыңдадық. Экран арқылы Серік Рыспектің «Астана» деген әнің тыңдап, әсер алдық.
7-а сынып оқушысы Санжар Байбулатов «Ана туралы» өлеңді өзі жазып, сыйға тартты.
Алмагүл Әшімқызының шығармашылығымен танысып, кәусәр жырларымен сусындап, әндерінен шабыт алдық. Бір сағаттық қарым-қатынас балаларға көптеген тамаша минуттар сыйлады. Балалар әр өлеңді талқылады, әндерін сүйсініп тыңдады.
Соңында Алмагүл Әшімқызы алғысын «Көңіл толқыны» әнімен жеткізді.
Өлең деген – құдірет қой шынында
Талант керек кейде оны ұғуға
Ұлағат та, тіршіліктің сырын да -
Үңілсеңіз жатыр ақын жырында...
Жақсылықтың тез бітетіні өкінішті... Бірақ мұндай кездесулер тағы да болады деп үміттенеміз.
«Көңілімнің көктемі» атты шығармашылық кештің толық ақпаратын музыкалық мектеп-интернаттың ютуб каналында көруге болады.

2021,желтоқсан,10 Мен бақытты адаммын

  • Category: Іс-шаралар
  • Published on Friday, 10 December 2021 03:46
  • Written by Administrator
  • Hits: 1077

«Большая перемена» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп -интернатының кітапханашысы Л.Куантаева П.Васильев атындағы әдеби бірлестікпен бірге әдеби қонақ бөлмесінде кездесу өткізді. Бұл жолғы қонағымыз ақын, журналист, педагог Елена Валентиновна Вайберт.
Кітапханашы мектеп оқушыларына Елена Вайбертті таныстырды. Елена Вайберт – филологиялық білімі бар журналист. Павлодарлық Мемлекеттік Педагогикалық институтты бітірген. Облыстық радиодағы «Пинг-понг» бағдарламасының авторы. Он жыл бойы облыстық «Твой мир» жастар газетінің бас редакторы болды. Сценарий жазады, жарнамамен, әдеби өңдеумен айналысады. 20 жыл бойы ИнЕУ-дің журналистика кафедрасында жұмыс істеді. Облысқа және Республикаға танымал Павлодар Оқушылар сарайының балалар баспасөз орталығының жетекшісі.
П.Васильев атындағы Павлодар әдеби бірлестігінің мүшесі. Жергілікті баспасөзде, қазақстандық «Сборник самоотверженных авторов и писателей» (Астана, 2013 ж.), «Литературный альманах современных русских авторов» (Германия, 2014) және «Павлодарские облака» (Павлодар, 2015); балаларға арналған «Волшебные буквы» (Павлодар, 2016) кітаптарында жарияланған. Ресейдегі «Золотой соболь» және неміс «Русский STYLE» жарнамалық және PR байқауларының жеңімпазы. «Жалпы диктанттың» бес дүркін үздігі.
9-Б сыныбының оқушылары «Наш любимый Казахстан», «Платье их чепухи», «Бах» , «Ёлка», «Молитва матери над Дюссельдорфом», «Музыкант» өлеңдерін ықыласпен тыңдады. Ал Елена Вайберттің сөзіне жазылған «Қызым», «Музыкант», «Ойыншық» әндері ешкімді бей-жай қалдырмады.
«Сіз бақытты адамсыз ба?» деген сұраққа нақты жауабын берді: «Иә, мен бақыттымын, өйткені мен өзім жақсы көретін іспен айналысамын - адамдар үшін максималды пайдамен және өзім үшін максималды кайфпен». Бақыт үшін тағы не керек.
Елена Валентиновна кітапханаға жеке қолтаңбасы бар «Павлодарские облака» кітабын сыйға тартты.

ЖАҢАЛЫҚТАР