"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі

@muzshkola_pavlodar


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу
Мектеп туралы жалпы мағлұмат
Мектеп инспекторы
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Оқушылар мен ата-аналарға арналған ақпарат
МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫ
Дарынды балалармен жұмыс
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс
Қаржыландыру жоспары
Рухани жаңғыру
Мектептегі тамақтану
Мектептегі тамақтану
Мұрағат
Жалпы білім
Біліктілікті арттыру
Ашық сабақтар
Іс-шаралар
Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы
Пайдалы сайттар
Әлеуметтік педагог
Кітапхана
Кітапханашы
Кітапхана
Электрондық кітапхана
Жылдық жоспар
Оқу мектебі
Галерея
Фото
Бейне
Талапкерлерге арналған
Список поступивших в 1 класс
Мектеп психологы
Психолог
Ұсыныстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Сыйлықтарды тапсыру туралы жадынама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп
Өзіңізді коронавирустық инфекциядан қорғаңыз
Жаңа короновирус инфекциясы (COVID-19) туралы аңыздар мен шындықтар
Өзіңізді жаңа короновирус инфекциясынан (COVID-19) қалай қорғауға болады көшіріп алу
Қандай жағдайларда маска кию керек?
Аттестаттау 2022-2023
1 Бұйрық
2 Жарғысы
3 Лицензия
4 Штаттық кестесі
5 Тарифтеу тізімі
6 Педагог кадрлармен жасақталғандығы туралы мәліметтер
7 Самоанализ

Мектепке түсушілердің тізімі


Қабылдау ережесі

Қазақ және орыс тілдерінде Қабылдау ережелерін жүктеу

Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына
түсу тыңдауларын өткізу тәртібі

1. Жалпы ережелер, өтініштерді және құжаттарды қабылдау.
Жаңа оқу жылына «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-не 1 сыныпқа оқуға қабылданады.
Егер музыкалық білімі (БММ оқу) бар болған жағдайда қосымша 2 сыныптан бастап 5 сыныпқа дейін оқуға қабылданады.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірге дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын қазақ ұлтты тұлғалар оқуға түсуге құқықтары бар.
Оқуға түсу барысында келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1. Өтініш
2. Туу туралы куәліктің көшірмесі
3. Отбасы құрамы туралы анықтама
4. Үлгерім тәбілдері ( 2 – 4 сыныптар)
5. № 63 нысаны – егулер (егу төлқұжаты)
№ 112 нысаны – балалардың даму тарихы
№ 026 нысаны – бала денсаулығының төлқұжаты
6. 4 фотосутет – 3х4.
7. Мінездеме
8. Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтамалар
9. 2 дәптер
10. 2 конверт
11. 2 файл
2. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру
Балаларды оқуға қабылдауды ұйымдастыру үшін түсу тыңдаулары жүргізіледі және Қабылдау комиссиясы құрылады.
Балаларды іріктеу бойынша Қабылдау комиссиясы осы білім мекемесінің оқытушылары қатарынан білім беру мекемесі басшысының бұйрығымен құрылады.
Балаларды іріктеу бойынша Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру мекемесі басшысы болып табылады.
Балаларды іріктеу бойынша Қабылдау комиссиясының төрағасы комиссияның жұмысын ұйымдастырады, талаптар тұтастығын қамтамасыз етеді.
Балаларды іріктеу бойынша Қабылдау комиссиясының хатшысы осы білім мекемесінің оқытушылары қатарынан білім беру мекемесі басшысымен тағайындалады.
Әр оқуға түсушы жеке тыңдалады.
Тыңдау ата-аналардың қатысуынсыз қабылдау комиссиясымен іске асырылады.
3. Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына түсушілердің арналған талаптар.
Түсу тыңдаулар екі кезеңнен тұрады:
1. Мектепке түсетін балалардың музыкалық қабілеттері (және олардың компонентері) тексеріледі: ес, есту қабілеті, ырғақ сезімі, физикалық деректер; жалпы білім беру дайындық деңгейін бағалау; психологпен әңгімелесу;
2. Музыкалық аспаптар ерекшеліктерімен кәсіптік жарамдылығын бағалау.
Оқуға түсушілер түсу тыңдауларын мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыра алады.
4. Түсу тыңдауларын өткізу алгоритмі:
1 кезең:
• Алдын ала дайындаған кез келген әнді орындау;
• Ырғақты суретті шапалақтап орындау;
• Ұсынылған әуенді дауыспен орындау;
• Шыққан дыбыстардың санын есту қабілетімен анықтау (1-2-3)
• Жалпы білім беру пәндерінің мұғалімдеріне мектепте оқуына дайындауының жалпы деңгейін анықтау үшін кейбір тапсырмалар беріледі.
Дәстүрлі әдіске сай музыкалық мектепке түсетін балаға музыкаға үйрену жарамдылық деңгейін анықтау үшін кейбір тапсырмаларды орындау беріледі: аспапта берілген жеке дыбыстар немесе әуендерді дауыспен қайталау, әнді орындау және ырғақтық фигураны ойнау.
Мысалы, бала білетін әнді орындау керек делік. Егер ол әнді дұрыс, интонациясы таза қылып орындаса, онда оның музыкалық есту қабілетінің бар екендігін айтуға болады. Бірақ тәжірибелі мұғалім ән дұрыс орындалмаса, оның музыкалық есту қабілетінің жоқ екендігіне байланысты еместігін біледі.
Оқуға түсетін балаға арналған келесі дәстүрлі тапсырма – фортепианода ойналған дыбысты дауыспен қайталау. Дауыспен қайталау үшін балаға ең алдымен кең аралықты (терциялар, кварттар, квинттар) қашықтықта орналасқан дыбыстарды ойнайды, оларды дыбыстан жарты дыбысқа азайтып ойынады. Жатыққан есту қабілетіне бір бірінен кең қашықтықта орналасқан дыбыстарды ажырату оңай келеді. Сондықтан, егер бала кең арақашықтықта дыбысты дауыспен еркін салса, онда оның есту қабілеті жоғары. Бірақ кейбір жағдайларда балаларда қырылдау, дауыс желбезегінің қабысуы, мутация (ер балаларда) болғандықтан дауыстары болмауы мүмкін. Мұнда бала фортепианода ойнаған (немесе мұғалім орындаған) дыбысты тыңдап, естеп сақтап, кейін оны клавиатурада табу керек.
Гармоникалық есте сақтауын тексеру үшін бала фортепианода бірге неше дыбыс ойнағанын – аралықта немесе аккордта, анықтап, кейін оларды дауыспен кезек-кезек қайталау қажет. Музыкалық есте сақтау қабілетін анықтау үшін балаға фортепианода екі такт көлемінде шағын әуендік фраза (немесе ән) ойналады. Бала оны есте сақтап, дауыспен орындау қажет.
Баланың ырғақтық қабілетін анықтау үшін жеңіл, бірақ ырғақты айқын фразаны тыңдауға береді және алақанмен шапалақ соғып, оның музыкалық ырғағын ойнауды сұрайды. Бұл тапсырманы фортепианода ойнамаяқ, алақанмен шапалақ соғып немесе қарындашпен үстелге соғып орындап, кейін баланың жеңіл ырғақтық фигурасын анықтауға болады.
2 кезең:
Оқуға түсетін балаларды физикалық және музыкалық деректеріне сәйкес музыкалық аспаптарына бөлу.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының бөлім меңгерушілері бөлу жұмыстарын жүргізеді.
Музыкалық мектептегі қабылдау тыңдаулары оқуға түсетін балалардың жасын анықтауынан басталады.
Әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауы әртүрлі жаста басталатыны болжанады. Бұл аспаптардың ерекшеліктерімен ескерілген. Мысалы, балаларды вокал, скрипка немесе фортепиано сыныбына 6 жастан қабылданады, ал жезді немесе ағашты үрлемелі аспаптарда ойнау 9 – 12 жас аралығында басталады, бұл баланың физикалық деректеріне байланысты.
Үрлемелі аспаптар сыныбына түсу барысында қабылдау тыңдауларға келесі балаларға рұқсат етілмейді: кәсіптік жарамсыздығының сыртқы белгілері бар балалар – еріннің дұрыс жетілмеуі («қоян ерні»), алдыңғы тістердің майысуы немесе болмауы, тістеу ауытқушылығы және т.б.
Фортепиано, вокал, халық және соқпалы аспаптар сыныбына түсу барысында баланың физикалық деректеріне ерекше талаптар қойылмаған. Бұл жағдайда қабылдау барысында эмоционалдық-көркем сипатына тоқталу қажет.
5. Білім беру мекемесіне оқуға қабылдау тәртібі.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатына оқуға қабылдау білім беру мекемесімен бекітілген мерзімде түсу тыңдауларының нәтижелері бойынша жүргізіледі.