2021,ноябрь,27 Кітаппен сиқырлы саяхат
- Category: Мероприятия
- Published on Monday, 29 November 2021 03:56
- Written by Administrator
- Hits: 1524
«Оқұға құштар» жобасы аясында дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева 2-А сынып оқушыларына «Кітаппен сиқырлы саяхат» атты сынып сағатын «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабы бойынша өткізді.
Біз тамаша мемлекетте тұрамыз – Қазақстан Республикасында. Бірақ біздің үлкен еліміздің түкпір-түкпіріне бару үшін пойыз немесе ұшақ билетін сатып алудың қажеті жоқ. Мен сендерді осы кітаптың беттерін оқи отырып, еліміз бойынша сиқырлы саяхатқа шығуға шақырамын. Енді біз онымен танысуды бастаймыз. Бұл кітапты оқығаннан кейін сендер көптеген құпияларды біліп, керемет жаңалықтар жасай аласындар. Өздеріңіз үшін көптеген жаңа және қызықты нәрселерді үйренесіндер.
Отан дегеніміз не? Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? Біздің Тудың неліктен көк екенін?
Балалар Ту, Елтаңба, Әнұран туралы өлеңдерді оқиды
Қазақстан – бұл дала елі. Қазақстан – таулар елі.Қазақстанда өзендер мен көлдер өте көп. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. 14 облыстарымыз, 81 қала. Отанымыздың астанасы – Нұр-Сұлтанғада саяхат жасадық.
Әрбір саяхат, тіпті ең қызықтысы да аяқталады. Барлық жер жақсы, бірақ біздікі ең жақсы! Тек үйде әр жол таныс, сені бәрі біледі, мұнда сенің туыстарың тұрады: әжең, атаң, әкең, анаң, ағаң мен әпкең, достарың мен құрбыларың.
Балалар жақсы дайындалды: «Менің Отаным-Қазақстан» көрмесінде балалардың суреттері қойылды. Қазақстан туралы тақпақтарын оқыды.
«Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» кітабында және көрмеге қойылған басқа кітаптарда Қазақстан туралы көптеген қызықты ақпараттарды таба аласындар.