2026,қаңтар,27 Ертегілер
- Category: Іс-шаралар
- Published on Tuesday, 27 January 2026 10:54
- Written by Макажанова С.К.
- Hits: 7
-


Ертегілер — мейірімділікке баулитын, ғибраты мол алғашқы кітаптар. Олар жақсылық пен жамандық туралы сыр шертіп, баланың қиялы мен ой-өрісін дамытады.
2026 жылдың 27 қаңтарында «Музыкалық колледж — дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында» 3 «Б» сынып оқушыларымен (сынып жетекшісі А.Ж. Тенизова) «Әжемнің ертегісі» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Шараны кітапханашы С.К. Мақажанова дайындап өткізді.
Бұл кітапханалық сабақтың мақсаты: әдебиетке деген қызығушылықты арттыру; ертегі кейіпкерлерінің үлгісінде тыңдау, түсіну және ұғыну дағдыларын дамыту, сондай-ақ бір-біріне деген сезімталдық пен мейірімді қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Сабақ барысында кітапханашы балаларға сан түрлі кітаптар мекені — кітапхана туралы айтып берді. Оқушыларды қазақ және орыс халық ертегілерімен, алғашқы ертегілердің шығу тарихымен таныстырып, ертегілердің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ ертегілерден иллюстрациялар көрсетіліп, оқушылар кейіпкерлер мен ертегі атауларын үлкен қызығушылықпен тапты. Сабақ соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.
Кітапханалық сабақ балаларға классикалық әдебиеттің құндылығын тағы бір мәрте еске салып, оларды кітап әлемімен және ертегідегі шытырман оқиғалармен әрі қарай танысуға шабыттандырды.