2025,сәуір,28 Жақсылық жаса


Әр жылы мектебіміз «Жақсылық жаса» атты пластик қақпақтарды жинау қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысады. Бұл – ауыр дертке шалдыққан балалардың өміріне үміт сыйлайтын ізгі іс. Әрбір жиналған қақпақ — олардың сауығуына бір қадам жақындау, жаңа өмірге бір мүмкіндік.
Қымбатты достар!
Жақсылық жасауға қатысыңыздар, қайырымдылықтан қалыс қалмайық! Біздің кішкентай көмегіміз — үлкен үміттің отын жағады. Бірге игі іс жасап, айналамызға жылу сыйлайық!
FaLang translation system by Faboba