2023,қазан,23 Қазақстан - ортақ үйіміз


Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі,«Колхети» грузин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, дарынды музыкант – ұстаз Касьян Яна Оганесовнаның қатысуымен музыкалық колледж- музыкалық школ- интернат оқушыларына Республика күніне орай «Қазақстан - ортақ үйіміз » атты сынып сағаты өтті
2023 жылдың 23 –ші қазаны күні Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу қарсаңында музыкалық колледж- музыкалық дарынды балаларға арналған мектеп - интернат оқушыларына арнап Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі,«Колхети» грузин этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, дарынды музыкант – ұстаз Касьян Яна Оганесовнаның қатысуымен сынып сағаты өтті.Сынып сағаты балалар мен шақырылған қонақтардың сәлемдесуімен басталды. Касьян Яна Оганесовна балаларға грузин этно-мәдени орталығының жұмысымен таныстырып, грузиндердің мәдениеті, дәстүрі жайлы айтып өтті.Яна Оганесовна интернатқа келгенен балалардың ыстық ықыласына бөленіп, алған әсерімен бөлісіп, оқушылардың таланты мен ынтасы үшін шексіз алғысын білдірді.Сынып сағаты аясында Қазақстан халықтарының мәдени дәстүрлері мен этномәдени мұралары талқыланды. Балалар еліміздің халықтарының бай тарихы, оның бірегей музыкасы, билері мен халықтық әдет-ғұрыптары туралы көбірек білді. Касьян Яна Оганесовна балаларға шығармашылық табыс тілеп, ұлттық мәдениетті сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.қонақтар Республика күнімен құттықтап, өз тілектерін білдірді.Көп ұлтты еліміздің басты құндылығы Тәуелсіздігіміз бен халықтар достығы екенін осы сынып сағатынан айқындауға болады.
FaLang translation system by Faboba