2023,мамыр,11 Тәрбие сағаты «Ұрпағымыз білсің!»


11 мамырда дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында «Үлкен үзіліс» кітапхана жобасы бойынша 3-а сынып оқущыларына жергілікті ақын, ардагер-ұстаз Бақжамал Ағыманова (Аккузинова) қатысуымен «Ұрпағымыз білсің!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
«Өлең адамға күш-қайрат косады» деп, Бақжамал-апа кішкентай бүлдіршіндерге арналған өлеңдерің оқып-таныстырды.
«Ұрпағымыз білсің» кітабынан «Дастархан» мәтіні, Отан туралы мәтелдер, «Атадан қалған асыл сөз» өлеңдерін оқып, балалармен бірге талқыладық.
«Сол бір күндер» кітабынан «Өзің үлкен қылығын...», «Балалалық шағым, сол кездегі ұстазым», «Осындай қыздар бағалы» өлеңдерін оқып, «тәрбиелі бала қандай болу керек?» деген сұраққа жауабын алдық.
«Арайлап таным атады» кітабында «Ауыл мектебінде» жазылған ескерткіші туралы айтып берді.
«Қарға тамырлы қазақ» кітабынан «Егеменді Елім» өлеңін оқып талқыладық. «Сол бір күндер» кітабынан «Ғылым артық па, мал артық па?» деген тағылымда балалармен тікелей диалог жүргізіп, 10 жауапқа «ғылым артық» деген пікірге келдік.

«Ана жүрегі» кітабынан «Дастархан батасы», «Сол бір күндер» кітабынан «Өсиет» деген өлеңдерінен ақын-апамыз үзінділерін оқыды. Осы өлеңдерімен бата беріліп, сабағымыз аяқталды.
«Құлақтыға сөз айтсаң, - құлағының астында.
Құлақсызға сөз айтсаң, - құла қырдың астында» дегендей, оқымысты бала өз орнын табады, кітаптарды оқындар. Өйткені, кітапта бар сұраққа жауабын табасындар.
Кітапханашы Л.Куантаева
FaLang translation system by Faboba