2023,наурыз,02 Григорий Остерден зиянды жаттығулар
- Category: Іс-шаралар
- Published on Thursday, 02 March 2023 09:33
- Written by Л.Куантаева
- Hits: 1050
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 5-сыныбында «өте зиянды сабақ» - өткізілді.
Әлемде бәрін басқаша жасайтын бұзық балалардың бар екенін ғалымдар анықтады. Оларға пайдалы кеңестер беріледі: «Таңертең жуыңыңдар» десе - олар жуынбайды.
Оларға: «Бір-біріңе сәлем беріндер» десе, олар сәлемдеспейді. Мұндай балаларға пайдалы емес, зиянды кеңес беру керек деген ойға ғалымдар келді. Сонда, олар керісінше жасайды, бұл дұрыс болып шығады.
Зиянды кеңестердің алғашқы авторларының бірі - жазушы Григорий Остер болады. Осындай балалар үшін ол «Жаман кеңестер кітабын» құрастырды, оны дәл керісінше орындау керек, сол кезде бәрі дұрыс болады.
«Жаман жаттығулар кітабы» бұрын ешқандай жаттығу жасамаған, қазір жасамайтын, болашақта жасаймын деген ниеті жоқ жандарға арнайы жазылған.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 5-Б сынып оқушылары зиянды жаттығулар жасады. Бұл қызық болды: балалар айқайлады, үстелде отырып ұйықтады, бір-бірін итерді, атқа мінгендей болды, шын жүректен есініп және басқа да жасауға болмайтын көптеген нәрселерді жасады.
Осы және басқа да көптеген зиянды жаттығулар оңай орындалды, әркім өзін таныды. Бір сөзбен айтқанда, олар қоғамдағы әдепсіз нәрсені жасады.
Әрине, 5-Б сынып оқушылары өте тәрбиелі, мәдениетті балалар. Біраз босаңсып, психологиялық түсіруді өткіздік. Бұл өте пайдалы болды.
Балаларға өзіне сырттай қарау қызық болды, бәрі бірге күлді. Өзіңізге күліп, қателіктеріңізді мойындау - бұл өте маңызды және қажетті қасиет.
Кітапханашы Л.Куантаева