Новости

Отображает заданное количество материалов из выбранной категории, сортируя по дате, либо в случайном порядке. Помощь


  • Көктемнің алғашқы күні – 1 Наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні аталды. Осы күнні қарсаңында 2025 жылғы 28 ақпанда мектеп-интернат музыкалық колледжімен бірлесіп, Алғыс айту күніне арналған іс-шара өткізді. Аталған іс-шараға «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ғалия Балтабайқызы Сұңғатова, Күнекей Қабиқызы Резуанова, Жібек Әнуарбекқызы Маханова шақырылды. Қонақтар мерекенің маңыздылығына тоқталды. Аталған мерекенің басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойында төзімділік, өзгеге құрмет көрсету және этносаралық келісімді нығайту. Әжелер қол өнерлері туралы сыр шертіп, ұлттық құндылықтар туралы айтып, оқушыларға жұмбақтар жасырды. Музыкалық колледждің студенттері жиналғандарға өз өнерлерін ортаға салды.  

  • Мектеп-интернатында оқушылармен "Мейірімділік - заманауи ұғым" тақырыбында адамгершілік туралы әңгімелесу өткізілді. Осы мәселе қазіргі кезде өте өзекті тақырып өйткені қазіргі әлемде адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік жоғалды. Ал жасөспірім балалар үшін өзектілік одан да артуда. Бұл әңгіме балалардың таңдау талғамына байланысты, өйткені ол балалардың жасына және қызығушылығына сәйкес таңдалған, сабақтың тақырыбын анықтауға бағыттайды. Оқушылар қоғамдағы мінез-құлықтың эстетикалық нормалары және бір-бірімен қарым-қатынас туралы әңгімелесіп, жақын адамдарына деген қамқорлық жасау жайында пікірлесті. Сабақ ішкі жағдайды тұрақтандыру, позитивтілікті арттыру, өз жұмысында өзін-өзі еркін сезіну, мейірімділік шеңберімен аяқталды.  

  • Музыкалық мектеп-интернатта «Замандас» ардагерлер клубының өкілдері В.Ж. Жапарова, Н.А. Мухина, Н.И. Ермоленко және Н.К. Байтокинамен бірге «Ұлы Отан соғысы батырларының есімімен аталатын Павлодар көшелері» тақырыбында іс-шара өткізілді.
    Әңгіме барысында олар Ұлы Отан соғысындағы Павлодар облысының батырлары туралы, жерлестерінің фашистік әскерлерді жеңуге белсене қатысуы, біздің батырларымыздың ортақ Жеңіске қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
    Ұлы Отан соғысының батырларын, біздің жерлестеріміз - павлодарлықтарды еске алуға арналған фотокөрме ресімделді: К.А Семенченко, К. Камзин, М.М. Катаев И.И. Кривенко, М.К. Қайырбаев, А.Н. Ёлгин, С. Муткенов, И.Г. Ледовский Г.У. Ткачев, И.Д. Ворушин. Олардың ұлы ерлігін әрдайым есте сақтау керек.
    Мектеп-интернат қонақтары мен оқушыларының орындауында соғыс жылдарындағы «Катюша», «Смуглянка» әндері орындалды. Бұл әндер ең қиын уақытта жауынгерлерді ұрыс алаңында қолдап, тылда жұмыс істейтін олардың туыстарына үміт ұялатты.
    Ұлы Отан соғысы біздің жадымызда мәңгі сақталады.
    А.Е. Кауашева, О.С.Дашковская.
     

  • « Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құндылықтарды қалыптастыру жүйелі және кешенді оқу – тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс – шараларды да қамтиды.Соның бірі күнделікті үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын ретінде ұйымдастыру - асық ойыны. Тұрақты өткізіліп тұратын бұл іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталады және қазақ халық ойындарына деген қызығушылығы арта түседі.
    Бастауыш сынып мұғалімі : Муликова Д.С.  

  • Бастауыш мектеп апталығы оқушылар үшін шығармашылықпен, белсенділікпен және қызықты іс-шаралармен есте қалды. Апталық барысында балалар өз қабілеттерін түрлі байқаулар мен көрмелерде көрсете білді.
    Апталық қорытындысы бойынша белсенді оқушылар мадақтамалармен марапатталып, олардың еңбегі мен талпынысы бағаланды, іс-шаралар баршаға қуаныш пен жаңа серпін сыйлады.
    Бастауыш сынып мұғалімдері
FaLang translation system by Faboba