2019,қараша,29 Дара тұлға
- Category: Мероприятия
- Published on Friday, 29 November 2019 05:35
- Written by Administrator
- Hits: 3968
Оқүшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елінің Нұры, Сұлтаны» ақпараттық сағатына қатысты. Ақпараттық сағат барысында оқушылар елбасы жайлы қызықты деректер тыңдап.
Іс-шараға ПМУ-нің доценті Тусупова Қанипа Досжанқызы қонағымыз ретінде шақырылды.
Тәуелсіз Қазақстан елі әлемдік өркениет көшіне жол тартқан тарихи кезеңде хакім Абайдың асыл мұралары болашаққа жол бастап, темірқазық болып отыр. Артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармаларын кейінгі толқын көкірегіне тоқып, көңіліне шамшырақ етіп алары сөзсіз.
Қанипа Досжанқызы Абай туралы зерттеп, еңбегін сіңірген адамдардың бірі.
Ұлы ақынға арналған «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап-көрмесі:«Ұлы даланың ұлы ақыны», «Абай – мәңгі халқының жүрегінде», «Абайдың асыл мұрасы», «Тәуелсіздігіміздің тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз» бөлімдерінен тұрады.
Абай туралы тоқталып кетіп, Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Тәуелсіздік - тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол - өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік.
Елбасы атап көрсеткендей, бұл күн - тарихи әділет салтанат құрып, азаттық үшін төгілген өлшеусіз қанның өтеуі қайтқан ұмытылмас күн!
Осы ұрпақтың Абайды білгені-Тәуелсіздік егемендік алғанымыздың нышаны.
Г.К.Исакова,М.К.Ахмедиева, А.А.Макаш