2019, қыркүйек,05 Конституциялық сабақ

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу Қазақстан қоғамы үшін маңызды жалпы мемлекеттік мәні бар.
Республиканың Конституциясы – бұл мемлекеттің Негізгі Заңы, елдің мемлекеттілігімен зайырлығының, заңдылығы мен тәртібінің заңды негізі. Конституция қоғам мен мемлекеттің негізгі бағыттарына нықтайды.
Музыкалық мектеп-интернатында 8,9 сыныптарында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылардың Ата заң туралы білімдерін кеңейту, Қазақстан Республикасының азаматтық борышын қалыптастырып, тәрбиелеу.
Сынып жетекшілер Г.К. Исакова, К.Т. Орманшина, С.А. Абуова аталған тақырып бойынша оқушыларды таныстырып, сұрақ-жауап форматына көшті.
Оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Бірақ жауапсыз қалған сұрақтарды үй жүмысы ретінде берілді.
Сынып сағатында алған білімдерін тарих сабағында, сыныптан тыс іс-шараларда кеңейтіп, жетілдірей алады.

FaLang translation system by Faboba