2019, қыркүйек,25 Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Осы кешті қазақ халық аспаптар оркестірі Құрманғазының «Адай» күйімен ашты. Көрермендер ақынның өнегелі өмірімен танысып, ақын даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдері мен әндері мәнерлеп айтылды. Жастардың шығырмашылық қабілетінің дамуын кеңейту мақсатында, Абайдың «Ескендір» поэмасынан, «Татьянаның хаты» өлеңіне қойлым қойылды. Абайдың бір сирек тыңдалатын әндердің бірі, Затварницкая Марияның орындалуында «Біреуден біреу артылса» әні шырқалды. Абайдың 175 жылдық «Абай -дана, Абай –дара» рубрикасын жалғаса отырып, кітапханашы Р.Д. Тулемесова көрінісін ұйымдастырды «Өнер алды - бірлік, ырыс алды – тірлік» деп, осы әдеби кеште 5-9 сынып оқушылары қызыға ат салысты.

FaLang translation system by Faboba