2019,қазан, 08 Мектеп жәрмеңкесі

Біздің мектепте жыл сайын мектеп жәрмеңкесін өткізу - тамаша дәстүрі бар. Ата-аналар мен оқушылардың күш-жігерімен бұл жәрмеңке әрқашан қызықты оқиғаға айналады. Осы жылы да , біз өз дәстүрлерімізді өзгертпей мектеп жәрмеңкесін өткіздік .Мектеп дәлізінде ұзын үстелдер орнатылды.Үстелдерге қойылған тауар барлық оқушылардың қызығушылығын тудырды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені бұл кәдесыйлар мен тәттілерді,нан тоқаш бұйымдарын балалар өз қолдарымен жасады .Осы жәрмеңкеден жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады . Барлық оқушыларға ,ата - аналарға, мұғалімдерге-жәрмеңкеге белсенді қатысқандары үшін, ынта-ықыласы, мектепке деген сүйіспеншілігі үшін алғысымызды білдіреміз.
Жауапты: Муликова Д.С.
Жумашева Б.С.

FaLang translation system by Faboba