2019,қазан,08 Ұлы ақын - АБАЙ

«Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» Кешені» ММ-сінде Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Бастауыш сыныптарға арнап, «Шегіртке мен құмырсқа» мысал қойылымы қойылды.Абай – ұлы аудармашы. Ақынның аудармалары – өзінің төл туындылары секілді, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған туындылар. Абай – Батыс әдебиетіне аудармашы ретінде алғаш жол салушы.
Абайдың аудармаларының характеріне жалпы шолу жасасақ, жоғарғы ақындардың кез келген өлеңдерін аудара бермей, таңдап, талғап аударғанын көреміз. Абайдың аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не философиялық терең ой, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Крыловтың мысалдары, «Теректің сыйы», «Тұтқын», «Татьянаның Онегинге», «Онегиннің Татьянаға» жазған хаттары, тағы басқа осылар тәрізді атышулы өлеңдер.
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Өйткені, ең алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крыловтың, Салтыков тәрізді дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы танысты. Екінші, өзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында, ұлы ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, әдеби сұлулықты қазақ оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын әперді.
Бастауыш сыныптарға ұсынған қойылым «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдағы жәндіктердің мінез – құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйренуді тәрбиелейді.
Филолог мұғалімдер

FaLang translation system by Faboba