2019,қазан, 08 Қызықты кездесу

«Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» Кешені» ММ-сінің түлектері ұшқан ұясын ұмытпай жүреді. Ресейдегі Гнесиных атындағы музыкалық академиясының училище түлегі Омар Жәмиля өз мектебінің қонағы болды.
Кешеннің түлегі Жәмиля мен 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – оқушылардың болашақта өздерінің мамандықтарын таңдау барысына бар жауапкершілікпен қарау маңыздылығын жеткізу.
Сұхбат өте қызықты өтті. Әңгіме барысында оқушылар Жәмиляға өте көп сұрақтар қойды. Мысалы, кездесу қонағының ең сүйікті шығармалары туралы сұрады. Сонымен қатар, Жәмиля шет елде қандай қиындықтарға кездесіп және оларды қалай жеңе білуге болатындығы жайлы кеңес берді. Қазіргі заманға сай білім бірінші орында. Біздің мектепте алған білімдері жоғары деңгейде екені туралы оқушыларға тоқталып айтып кетті.
Музыка саласын таңдап алған соң, таңдаған жолдан таймауға тілек білдірді.
9 сынып жетекшілері

FaLang translation system by Faboba