2023,мамыр,15 Борис Ерзаковичті еске алу


Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты және С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасы арасындағы «Музыка үні» бірлескен жобасы аясында «Борис Ерзаковичті еске алу» атты музыка сабағы өтті. Сабақ қазақ және кеңестік музыкатанушы, композитор, фольклоршы, өнертану докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Борис Ерзаковичтің 115-жылдығына арналды .
Шара барысында Борис Ерзаковичтің өмірі мен шығармашылығы туралы «Музыка великой степи» деректі фильмі көрсетіліп, «Уроки Бориса Ерзаковича» атты кітап көрмесі дайындалды.
Борис Ерзакович – Қазақстанның музыка мәдениеті туралы іргелі еңбектердің авторы. 1931 жылдан бастап қазақ халық музыкасын жинап, зерттеп, барлығы 2500-ге жуық қазақ әндері мен күйлерін нотаға түсірген.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушылары А.Ержігітова, М.Темірғали және А.Жанғалиев қобыз бен домбырада қазақтың күйлерін орындап, музыкалық нөмірлермен шараны безендірді.
FaLang translation system by Faboba