2023,наурыз,02 «Қамар Қасымов және қазақтың музыкалық аспаптары»


«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» мемлекеттік кешені» және Шафер мұражай-үйі бірлесіп «Дала үні» жобасы аясында № 39 жалпы білім беретін мектебінде «Қамар Қасымов және қазақтың музыкалық аспаптары» атты музыкалық бағдарлама өткізді. Шара қазақтың 1-органологы және қазақ музыка аспаптарының шебері Қамар Қасымовтың 130 жылдығына арналды.
Шараға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Оларға Қамар Қасымовтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. Слайд арқылы экранда қазақтың музыкалық аспаптары көрсетілді.
«Жетіген» триосы мен домбырашылар ансамблі «Ақ желкен», «Қара жорға», «Күй-шашу» күйлерін орындады.
Музыкалық мектеп-интернатының оқушылары No39 орта мектептің оқушыларына қыл қобыз, шертер, саз-сырнай, қобыз сияқты әр аспаптың үнін көрсетті.
Биыл балалар жазушысы, жерлесіміз М.Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толатынын балалардың естеріне салынды. Ақын Павлодар облысы, Шербақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген, тұған жері туралы өлең жазған. Ол барлық павлодарлықтардың сүйікті әніне айналды. Музыка колледжіінің студенттері «Маралдым» әнін орындады.
Іс-шараның соңында жүргізуші, Шафер мұражайы директорының орынбасары М.Жүнісова тыңдаған материалдары бойынша тыңдаушылармен викторина өткізді: оқушылар Қамар Қасымовтың шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, көрсетілген аспаптарды атау керек болды. Шараның ең белсенді қатысушылары тәтті сыйлықтарға ие болды.
Бұл қызықты және танымдық болды. «Дала үні» бірлескен жобасының алғашқы шарасы бір демде өтті. Одан да қызықты болады деп үміттенеміз.
FaLang translation system by Faboba