2023,ақпан,15 «Кітап мерекесі»


14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. 2012 жылы пайда болды және балаларға кітап сыйлайтын және олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін оятатындардың барлығын біріктіруге арналған мереке.
Осындай тамаша мерекеге орай дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында «Кітап мерекесі» ұйымдастырылды. Тұсаукесерде жаңа түскен кітаптар ұсынылды. Осында «Питер Пэн», Андерсеннің ертегілері, Қазақ еретегілері, Дымбілместің және оның достарының хиқаялары, Маугли және Карлсон. Мектеп бағдарламасы бойынша «Менің атым Қожа», «Жау тылындағы бала», «Абайдың қара сөздері», «Абай жолы», Есенберлин, Бөкеев, Торайғыров шығармалары. Шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары және басқа да көптеген қызықты кітаптар болды.
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Түрлі-түсті кітаптар балаларға, ата-аналарға және мұғалімдерге қызықты болды.

FaLang translation system by Faboba