2023,қаңтар,17 «Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата»


Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттын 4-б сыныбында «Қыста оқимыз» тақырыбы бойынша «Бала жаның түсінетін Мұзафар-ата» атты мейірім сабағы өткізілді. Сабақ атақты жерлесіміз, балалар кітаптарының сүйікті авторы, белгілі ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100-жылдығына арналды.
Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Павлодар облысының құрметті азаматы, егемен Қазақстанның тұңғыш Әнұранының автоларынығ бірі Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында туды.
Бала кезінде ұлы Абайдың поэзиясымен, «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» халық өлеңдерімен танысады. Оқу репертуарында орыс классиктерінің шығармалары да болды; Толстойдың ертегілері, Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдері.
Мұзафар ауыл мектебін бітіргеннен кейн Павлодарлық орыс-қазақ педагогикалық учидищесине түсті. 18 жасында Мұзафар майданға аттанды. Әлімбаевтың өлеңдері фронт газеттерінде жарияланды. Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін 2-ші дәрежедегі Отан соғысы орденімен және медальдарымен марапатталды. Демобилизациядан кейін жас ақын өзін толығымен шығармашылыққа арнайды. 1948 жылдан 1958 жылға дейін «Пионер», «Қазақ әдебиеті» жұрналдарында жұмыс жасады. 1958 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін республикалық «Балдырған» балалар журналының бас редакторы болды. Ақынның өлеңдеріне 300-ден астам ғажайып әндер жазылды, олардың көбі шың мәнінде халық әндері болып кетті.
Мүзафар Әлімбаев көркем сөз зергері. Өлеңдерінде тілге женіл, жүрекке жылы тиіп отыратын терең ой, өткір пікірлер табылады. Мұз-аға, Мүзафар-ата - ізденгіш, талғамы күшті, мейірімді, бала жанын түсінетін талантты ақын.
Оқушылар оның өлеңдерін зор қызығушылықпен тыңдап, өлеңдері мен өтірік өлеңдерін ықыласпен оқып, жұмбактарды тауып, жаңылтпаштарды айта білді.
Кітапханашы Л.Куантаева
FaLang translation system by Faboba