2022,қазан,11 «Әуезов оқулары» апталығы


Қазақтың ұлы жазушысы және ғалымы Мұхтар Әуезовтың 125-жылдығына орай музыкалық мектеп-интернатында «Әуезов оқулары» апталығы өткізілді.
«Әуезов оқулары» апталығы бойынша дауыстап оқулары өтті: 1-4 сыныптары «Көк серек» әңгімесін оқыды, 5-7 сыныптары «Еңлік-Кебек» драмасымен танысты, 8-9 сыныптары «Абай жолы» романың оқыды.
Аптаның соңында 6-б сыныбында М.Әуезовтың кітаптарынан шолу жасалды. Кітапханашы Л.Қуантаева ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Кітап көрмесі дайындалып, Әуезовтің өмірі туралы бейнефильм көрсетілді.
FaLang translation system by Faboba