2022,қаңтар,24 Ұрпағымыз білсін!


«Үлкен үзіліс» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева «Ұрпағымыз білсін!» атты кездесуін ұйымдастырды.
1-А және 4-А сынып оқушылары ерекше талантты, қызықты адам және керемет әңгімелесуші апамен кездесті (жетекшісі Н.Каражанова)
Ағыманова (Аккузинова) Бакжамал-апа - жергілікті ақын, ұстаз, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі. 36 жыл мұғалімдік еңбек жолы ауылдық мектептерінде өтті.
Бақжамал Ағыманова ересектерге ғана емес, балаларға ерекше өлеңдер мен әндер жазады. Балаларға айтатын ұлағатты дана сөздер және өмірден алынған қызықты оқиғалалар кітаптарының ішінен таба аласыздар.
«Өлең адамға күш-қайрат косады» дегендей, қадірлі қонағымыз кішкентай бүлдіршіндерге арналған өлеңдерің оқыды.
Бақжамал Ағыманқызы тілге деген құрмет, отбасы тәрбиесі, кітаптың пайдасы туралы әңгімелерді қозғады.
Бір сағаттық қарым-қатынас балаларға көптеген тамаша минуттар сыйлады. Балалар әр өлеңді талқылады. Жақсылықтың тез бітетіні өкінішті... Бірақ мұндай кездесулер тағы да болады деп үміттенеміз.
Бақжамал-апамыз кітапханаға өзінің «Ұрпағымыз білсің!» кітабын сыйлады және жас ұрпаққа батасын берді.
FaLang translation system by Faboba