2021,қараша,29 Керемет жандар


26 қараша күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Қуантаеваның «Ертіс» ҚБК бірлесіп дайындаған «Керемет жандар» әлеуметтік бағдарламасының кезекті бағдарламасы шықты. Бұл бағдарламаның кейіпкерлері – талантты мүмкіндігі шектеулі адамдар.
⠀ Бағдарламаның қонақтары: Ахметов Нұрсултан Нурланүлы (арбадағы мүгедек) және Аубакирова Бақтыгүл Иембергеновна (көзі нашар көретін).
Ахметов Нұрсултан Павлодар индустриалды институтты бітірді. Әскери борышымды Белоруссияда ақтады. 2000-2004 жылдары Г.Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында, Торайгыров атындағы Университетте де жұмыс істеді. 2004 жылы аварияға түсуп қалды.
Осы уақиғадан кейін бәрі өзгерді: реабилитация, өмірге деген көзқарасыа Аллаға сену... Ақырын қазақша, содан кейін Құран оқи бастады. Алланың қолдауымен ойлары өлең болып шықты. Тақпаөтарды 16-жасында жазатын еді, ал 2005 жылдан бастап байыпты жаза бастады. Орыс мектебінде оқығандықтан, өлеңдерінің көбі орыс тілінде жазылған. Бірақ қазір, Аллаға шүкір, ол қазақ тілінде жазады, Құран оқиды, көптеген философиялық өлеңдер жазады. Өлеңдері интернетте – stihi.ru әдеби порталында және қазақша proza.kz порталында, сондай-ақ ресейлік «Поэт года -2013» ресейлік журналында жарияланған. Оның ең үлкен арманы - өз өлеңдер жинағын шығару.
Аубакирова Бахытгүл – облыстық С.Торайғыров атындағы әмбебап кітапхананың кітапханашысы. Қиыншықықтарға қарамай, №27 орта мектепті бітірді. Павлодар гуманитарлық педагогикалық колледжінің «Әлеуметтік жұмыс» маманы бойынша оқыды.
2018 жылы Брайль бойынша оқып, енді өзі де оқытады. Арнайы кітапхана қызметкерлеріне Бахтыгүл жылы лебіздерін, ризашылығын білдірді.
«Керемет жандар» бағдарламасында өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Көрермендердін көңілін көтеру үшін, дарынды балаларға арналған музыкалық-интернат мектебінің оқушылары Нәби Асыл (7-а) және Седых Роман (5-б) волторна пен фаготта әдемі әуендерді сыйға тартты.
⠀ «Керемет жандар» жобасын әр айдың соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.

FaLang translation system by Faboba