2021,қараша,12 Жаңа күнді қарсы аламын


«Большая перемена» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп -интернатының кітапханашысы Л.Куантаева П.Васильев атындағы әдеби бірлестікпен бірге «Жаңа күнді қарсы аламын» атты кездесу өткізді. 8-А сынып оқушылары ерекше талантты және қызықты адам, әңгімелесуші және жақсы әйел – Борисовская Наталья Васильевнамен кездесті.
Наталья Васильевна- Павел Васильев атындағы бірлестігінің мүшесі, «Жаңа күнді қарсы аламын» өлеңдер жинағының авторы. «Звезда прииртышья» және «Ардагер-ветеран» газеттерінде жарияланды, 2021 жылы өлеңдері «Найзатас» журналының бірінші нөміріне кірді. Оның өлеңдеріне бірнеше ән жазылған. «Пою мой край родной», «Мы любим петь», «Гори Цветаевой костер» музыкалық жинақтарда шығармалары жарияланған.
Наталья Васильевна 1956 жылы 22 қантарда Семей облысы Кривинка ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Павлодарға келіп содлан бері осында тұрып жатыр.
Көркем өнер шебері, көлемді ағаш ою және безендіру шебері.
Мәскеудегі Халық өнер Университетінің (бейнелеу өнері факультетін) 3 жызлық сырттай оқу курсын бітірген.

Сонымен бірге ол Павлодарда қалалық суретшілер мен дизайнерлер мектебінде оқыды. Оның ұстаздары П.Величко, Б.Машрапов, В.Поликарпов болды. Наталья Борисовская – дарынды тұлға, «Славянка» вокалдық тобының және «Оптимист» қалалық қоғамының хорының солисі.

Наталья Васильевна студенттерге ерекше, қызықты қолдан жасалған сувенирлар әкелді, оларды әдемі өлеңдермен толықтырды. Онымен бір сағаттық қарым-қатынас балаларға көптеген тамаша минуттар сыйлады. Жақсылықтың тез бітетіні өкінішті...
Бірақ мұндай кездесулер тағы да болады деп үміттенеміз.
FaLang translation system by Faboba