2021,қазан,29 Керемет жандар



29 қазан күні дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Қуантаеваның «Ертіс» ҚБК бірлесіп дайындаған «Керемет жандар» әлеуметтік бағдарламасының кезекті бағдарламасы шықты.
⠀ Бағдарламаның қонақтары; Қазақ соқырлар қоғамының мүшелері, арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары Даирханова Құралай және оның қызы Даирханова Меруерт.
Құралай Даирханова – көз мүгедектер арасында шаңғы жарысы бойынша спорт шебері.
Меруерт Даирханова - парадзюдо бойынша спорт шеберіне үміткер.
Бұлар белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдар, «Қазақ соқырлар қоғамының» барлық іс-шараларына белсенді қатысушылар: тоғыз құмалақ, жеңіл атлетика, жүгіру, жүзу.
Бір кездері хорға қатысқан еді, енді спортқа толықтай берілді.
Құралайдың «Қазақ соқырлар қоғамына» келгеніне биыл тура 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол 70-ке жуық медаль алды, оның ішінде: 24 күміс, 27 қола және 18 алтын.
«Керемет жандар» бағдарламасында өздері, отбасы, хоббилері туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қазіргі кезде Қазақстан спартакиадасына қызу дайындық үстінде. Меруерт массаж курстарын бітіріп, өзін осы мамандықта сынап көргісі келеді.
Оларға денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз.
Көрермендердін көңілін көтеру үшін, дарынды балаларға арналған музыкалық-интернат мектебінің оқушылары Гараев Тимур және Каратаев Әліхан кларнет пен домбырада әдемі әуендерді сыйға тартты.
⠀ «Керемет жандар» жобасын әр айдың соңғы жұмасында тамашалай аласыздар.
FaLang translation system by Faboba