2021,ақпан,08 Жетістік шыңы


«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрды: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатыса отырып, оқушылар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қойып, оған жүйелі түрде қол жеткізуді, салауатты өмір салтын ұстануды және өздерін үнемі дамытуды үйренді.
2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.
Алғашқы марапатталушылардың қатарында «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-нің 8 «Б» сынып оқушысы Корольков Руслан бар.
FaLang translation system by Faboba