2020,қараша,13 Биік шыңдарға


2020 жылдың 10 қарашасында Мәскеу қаласында өткен «Золотой эльф» халықаралық таланттар байқауының қорытындылары жарияланды. «Снежная королева» мюзиклін ұсынған «В гостях у сказки» музыкалық мектеп-интернатының шығармашылық ұжымы «Театр шығармашылығы» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі лауреат атанды.
Қазылар алқасы барлық ұжымның: педагогтардың, ата-аналардың және оқушылардың ұйымдастырушылық, педагогикалық және шығармашылық жұмысын атап өтті.
Мюзиклдегі жарқын актерлік жұмысы үшін Клопот Елизавета (Герда) және Белоусова Анэля (Қарға) арнайы дипломдармен марапатталды.
Талантты педагог Наталья Федоровна Селезнёва бірнеше жыл бойы музыкалық ертегілер қою үшін балаларды дайындап келеді. Көрермендер зор ықыласпен «Муха-Цокотуха», «Кот в сапогах», «Дюймовочка» премьераларын тамашалады. 2019 жылдың қарсаңында «Снежная королева» мюзиклінің қойылымы өтті, оған 1 «Б», 3 «Б» және 7 «Б» сыныптарының 50-ге жуық оқушысы қатысты. Қар ханшайымы рөлін 9 «Б» сынып оқушысы Линнас Елизавета сомдады. Ертегінің қызықты сюжеті көрермендердің назарын аударды, ал кішкентай актерлер болса, өз ойынымен залды таң қалдырды.
«Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы аясында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына «Снежная королева» ертегісінің көшпелі көрсетілімі өтті. Музыкалық ертегі кішкентай көрермендерге үлкен қуаныш сыйлап, жарқын театрлық әсерге айналды.
Музыкалық мектеп-интернаттың театр ұжымына жаңа шығармашылық жетістіктер мен ризашылығымызды білдіреміз!
FaLang translation system by Faboba