2019,желтоқсан,19 Ұшқыннан басталған Egemen Qasaqstan

13 желтоқсан күні 2019 жылы «Egemen Qasaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсанында «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» Кешені» ММ-нің кітапханасында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны мектеп-интернатының кітапханашысы Р. Д. Тулемесова кіріспе сөзбен ашты. Роза Дектяровна газет мерейтойына арналған бес томдық "Жүз жылдық жылнама" туралы әңгімеледі.
Осы күні сынып жетекшісі С. А. Абуованың жетекшілігімен дайындалған, 8 "А" сынып оқушылары Жеңіс Дәріға, Талғатқызы Айжұлдыз, Жансугурова Айжан 7-9 –шы сынып оқушыларына "Egemen Qasaqstan" газетінің қысқаша тарихын айтып берді.
Кітапханада «Ұшқыннан басталған «Egemen Qasaqstan» атты көрме ұйымдастырылды.
FaLang translation system by Faboba