2019,қараша,06 Музыка біздің жүрегімізде


2019 жылдың қазан айының 30 жұлдызында балаларға арналған музыкалық мектеп, балаларға арналған өнер мектебі және арнайы музыкалық мектептің орта сыныптары арасында музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI Республикалық олимпияда басталды. Олимпияда 2019 жылдың 30 қазан айынан 2 қараша айы аралығында, оқушылардың күзгі демалысы уақытында, Қазақ Ұлттық Өнер Университеті негізінде өтті. Музыкалық сайыста «Сольфеджио» және «Музыкалық әдебиет» номинацияларында 50-ден астам оқушылар бақтарын сынады. Қатысушылар еліміздің Астана, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Ақкөл және Теміртау қалаларының тұрғындары. Сайыстың алқа қазылары орта және жоғары оқу орындары мекемелерінің кәсіби музыка қайраткерлері санынан құрылды. Алқа қазыларының төрағасы - өнертану кандидаты, профессор, ҚазҰӨУ «Музыкатану және композиция» кафедра меңгерушісі.
Біздің қаламыздың намысын «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернат» Кешені» ММ-нің 9 сынып оқушылары Айбульдинова Аина, Оспанова Аружан және Кабиденова Даяна сынды оқушылар қорғады. Қыздар «Музыкалық әдебиет» конкурстық номинация бойынша жарысты. Үш тур жазба жұмысы, викторина және шығармашылық жоба - презентациядан тұрды. Дайындық көлемі қазақ, орыс және батыс-еуропалық музыкалық әдебиет курстарының материалдарын қамтыды. Қатысушылар олимпиядада дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жүлдегерлер қатарына енді. Айбульдинова Аина- 3 деңгей дипломы және «Ең үздік музыкалық викторина» дипломы, Кабиденова Даяна - 3 деңгей дипломы, Оспанова Аружан - «Ең үздік музыкалық викторина» дипломына ие болды. Конкурс қатысушыларын «Музыкалық колледж- дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернат» Кешені» ММ-нің оқытушысы дайындады («Музыка теориясы» бөлімі).
Шығармашылық конкурстар – әрқашан да өсуге, қабілеттерін дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар, музыкамен, өнермен әуестенген жаңа құрдастармен танысып, тіл табысуға, бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас құруға себеп туғыздырады. «Кез келген шығармашылық алаңдарда шабыт, шығармашылық қуаныш және өзгеріссіз сәттілік, республикалық және ұлтаралық конкурстарда жаңа жеңіс тілеймін!» - музыкалық-теориялық пәндер бойынша VI Республикалық олимпиядасының қазылар алқасының төрағасы қатушыларға тілек білдірді!
FaLang translation system by Faboba