2019,қазан,14 Күзгі ойын-сауық


2019 жылдың 14 қазанында мектеп интернатында «Күзгі ойын-сауық» іс-шаралары өтті. Іс-шара көңілді және қызықты өтті, өйткені ойын түрінде өткізілді. «Сары жапырақ», «Қызыл жапырақ» атты екі команданың қатысушылары жұмбақтар шешіп, өлеңдер оқыды, «Күзгі пейзаж», «Жаңбыр тамшылары», «Қара жәшік», «Күз театры», «Дәмін тауып ал», «Егін жина» байқауларында жарысты. Әр команда 10 адамнан тұрды. Жарысқа қатысушылар тапқырлық, шығармашылық шеберлік, ұйымшылдық танытулары керек болды. Қызу әрі қызықты күрес нәтижесінде «Қызыл жапырақ» командасы жеңіске жетті.
Мереке соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды, ал көрермендерге өз командаларының белсенді жанкүйерлері ретінде күздің сыйы ұсынылды.
Барлық балалар өткізілген іс-шараға қызығушылық танытып, өз қабілеттерін көрсетті. Балалар белсенді, мақсатты, позитивті, бір-бірін қолдады.
FaLang translation system by Faboba