Кітапхана

Мектеп кітапханасы жалпы мектептік жоспар бөлімдеріне сүйеніп, мектеп әкімшілігімен бекітілген жоспары бойынша жұмыс істейді. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:
- оқушылар мен оқытушылардың кітапханалық ақпараттық-библиографиялық қызмет ету жолымен оқу-тәрбие үдерісін қамтамасыз ету;
- оқырмандарды кітаппен және ақпараттың басқа тасымалдауыштарымен қолдануды, ақпаратты іздеу, іріктеу және бағалауға оқыту;
- эстетикалық, экологиялық мәдениетті және салауатты өмір салтына қызығушылықты қалыптастыру.
Мектеп кітапханасы оқушылардың өздігінен білім алу қажеттілігін дамытты, жауапкершілікті тәрбиеледі, мектеп бағдарламаларына көмек көрсету ретінде әдебиетті насихаттауына назар аударды. Сонымен қатар оқу жылы барысында кітапханамен қолдануды үйретті.
Мектеп кітапханасы – оқушыларымызға арналған алғашқы ақпарат орталығы. Мұнда олар өздігінен ізденіс жұмыстарын өткізеді, дәстүрлі (кітаптар, журналдар, газеттер) және дәстүрлі емес қайнар көздерінен алынған ақпараттарды салыстырады.
I. Кітап қорының жағдайы.
Кітапхананың жалпы қоры – 10258 дана.
Олардың ішінде:
көркем әдебиет – 4198 дана,
музыкалық әдебиет, ноталар – 1160 дана,
анықтамалық әдебиет – 125 дана,
оқу әдебиеті – 4775 дана
Осы оқу жылында кітапхана қоры энциклопедиялық басылымдар, жаңа анықтамалар, сөздіктермен, әртүрлі пәндер бойынша анықтамалармен толықтырылды.
Көркем әдебиет қорымен оқырмандар әрдайым пайдалана алады. Кітапхана балаларға арналған музыкалық, анықтамалық және көркем әдебиетпен жабдықталған:
• бастауыш мектеп жастағы (1-4 сыныптар);
• орта мектеп жастағы (5-7 сыныптар);
• жоғары мектеп жастағы (8- 9 сыныптар);
• педагогикалық қызметкерлерге арналған педагогикалық және әдістемелік әдебиет;
• оқу құралдары.
Мектеп кітапханасы жастар топтарымен реттелген (1-4 сыныптар; 5-7 сыныптар, 8-9 сыныптар.
1-4 сынып оқушыларына арналған әдебиеті келесі тақырыптық топтамалар бойынша құрастырылған: «Ертегілер», «Өлеңдер», «Қызықты әңгімелер», «Өсімдіктер мен жануарлар».
Музыкалық әдебиет қоры жеке стелажда бөлім бойынша орналасқан. Есептен шығаруға арналған ескеріп қалған оқулықтар жеке орналасқан. По мере поступления новых учебников, продолжала пополняться и редактироваться картотека учебников.
В нашей школе на следующий учебный год 100% обеспеченность учебниками. Оқулықтарды сақтау мақсатында кітапханашылар оқырмандармен абонементте, ал сынып жетекшілермен сынып сағаттарында әңгімелесу жұмыстарын жүргізеді. Оқулықтарды сақтау бойынша рейдттер өткізілді.
Оқу жылының соңында кесте бойынша әр сынып оқулықтарды тапсырады.
II. Оқырмандармен жұмыс істеу мазмұны мен ұйымдастыруы.
Оқу жылының соңында оқушылардың оқу белсенділігін талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау нәтижесі бойыншав келесі қорытынды жасауға болады:
2011-2012 оқу жылында оқырмандардың белсенділік көрсеткіші артты. Егер өткен жылы оқырмандар белсенділігі 55 % болса, осы жылы 69 %-ға дейін өсті, ал пассивті оқырмандар саны азайды:
1-4 сыныптар 82%-дан 100%-ға дейін,
5-7 сыныптар 66%-дан 78%-ға дейін,
8-9 сыныптар 60%-дан 77%-ға дейін.
Мұғалімдер оқу пәндерінен сабақ беру әдістемелері, жаңа педагогикалық технологиялармен қызығады. Олардың ішінде келесі журналдар мен газеттер: «Ұстаздар» «Классный руководитель», «Педагогика хабаршысы», «Учительская газета». Оқуды насихаттау мәдениеттік ойын-сауық формасы.
Әдебиетті насихаттаудағы кітапхананың рөлі өте ерекше. Мектеп өміріне белсенді қатысу – мектеп кітапханашысының міндеті.
Кітапхананың маңызды бағыттары көрме арқылы кітапхана қорын дамытады. Кітапханада мерейтойлық және маңызды күндер, сонымен қатар айлықтардың әртүрлі көрмелері өткізіледі. Сонымен қатар жаңа оқулықтар түсімі бойынша өткізілетін көрмелер. Күнтізбелік даталар көрмесі: «Жаңа жылдық калейдоскоп», «Бір ел – бір оқулық».
Осы көрмелерге материалдарды жинап, мерекенің тарихын айтуға, қызықты оқиғаларды хабарлауға, оқырмандармен әңгімелесеге мүмкіндік береді. Отбасыдағы кітап оқу дәстүрлерін сақтау – балаларды кітап оқуға тарту кепілі. Бұл мектеп кітапханасының барлық жұмысының басты бағыттарын анықтайды. Барлық іс-шаралар кітап оқуға қызығушылықты дамытты.
1. Мектеп кітапханасы қолданушыларға қажетті ақпараттық материалдарды ұсыну бойынша жұмыс істейді.
2. Кітапхананың педагогикалық қызметкерлер және оқушылармен өзара байланысы өсті.
3. Кітапхана көркем және балалар әдебиеті қорын толтыру керек.
4. Бастауыш және орта буында оқырмандар белсенділігін жетілдіру.
5. Ақпараттың сапасын, қолданушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.

FaLang translation system by Faboba