2022,наурыз,11 Көңілімнің көктемі


11 наурызда «Үлкен үзіліс» кітапхана жобасы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының кітапханашысы Л.Куантаева 8-а және 9-а сынып оқушыларына «Көңілімнің көктемі» атты шығармашылық кешті ұйымдамстырды (сынып жетекшілері М.Ахмединова және Г.Мусина).
Осы жолы кештің қонағы Мәдениет қызметкері, Қазақстан республикасының «Мәдениет саласының үздігі», ерекше талантты ақын Алмагүл Әшімқызы Бұзаубаева болды.
Оқушыларды қонағымызбен таныстырып өттік. Алмагүл Әшімқызы киелі Май ауданы, Жаңатілек ауылында Тәйкенов Әшімнің отбасында дүниеге келген, бала кезінен Ырысты әжесінің тәлім-тәрбиесін көріп, эпос-жырлары мен қисса кітаптарды көп оқып, жұмбақ жасырып, әжесімен той-думандарға барғанда кейбір жыр-дастандарды жатқа да айтып, үлкендердің ыстық ықыласына бөлінген. Жастайынан өнерге жақын Алмагүл сол кездегі қазақтың ақын қыздары Фариза Оңғарсынова, Рза Қунақова, Мәриям Хәкімжанова, Күләш Ахметова, Аққұштап Бақтыгереевалардың шығармашылығымен танысып, қызығып, өлеңдерін жаттап өскен. Ақын қыздың көңілне шабыт отын жалындатып, қолына қалам алғызған да осы ақын апаларының рухты өлеңдері мен өмірден ерте өткен облысқа танымал айтыскер ақын ағасы Қаршыға Тәйкенов болса керек!
Шығармашылық кешті Нұрғиса Тлендиевтің «Әлқисса» күйімен аштық.
Кеш барысында, «Шаңырақ» орталығы «Жас Қанат» студиясының әншілері Әлия мен Аида Каиржановтар «Ардақты менің ұстазым» әнін орындады. «Сапқа тұр майдангер!» әнің тыңдадық. Экран арқылы Серік Рыспектің «Астана» деген әнің тыңдап, әсер алдық.
7-а сынып оқушысы Санжар Байбулатов «Ана туралы» өлеңді өзі жазып, сыйға тартты.
Алмагүл Әшімқызының шығармашылығымен танысып, кәусәр жырларымен сусындап, әндерінен шабыт алдық. Бір сағаттық қарым-қатынас балаларға көптеген тамаша минуттар сыйлады. Балалар әр өлеңді талқылады, әндерін сүйсініп тыңдады.
Соңында Алмагүл Әшімқызы алғысын «Көңіл толқыны» әнімен жеткізді.
Өлең деген – құдірет қой шынында
Талант керек кейде оны ұғуға
Ұлағат та, тіршіліктің сырын да -
Үңілсеңіз жатыр ақын жырында...
Жақсылықтың тез бітетіні өкінішті... Бірақ мұндай кездесулер тағы да болады деп үміттенеміз.
«Көңілімнің көктемі» атты шығармашылық кештің толық ақпаратын музыкалық мектеп-интернаттың ютуб каналында көруге болады.
FaLang translation system by Faboba