2021,қазан,20 Кітапханамен танысу


18 қазанда Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың кітапханашысы Л.Куантаева 1 «А» сынып оқушыларына «Кітапханамен танысу» сағатын өткізді.
«Кітапхана» - араб тілінен аударғанда «жазу қоймасы» деген сөз. Кітапхана – бұл кітап қоятын, сақтайтын және кітапты насихаттайтын орын деуге болады. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.
Халқымыз «Кітап - алтын қазына» деген. Кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. Білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітаптар. Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды.
«Кітапхана – ақыл,білім ордасы»
«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған.
Әр-бір кітаптың өз орны бар, олар алфавит арқылы, нөмір арқылы тұрады. Сондықтан кітапханашы кітаптарды тез тауып береді. Кітапханада кітаптардан басқа газет-журналдар бар. Бәрімізді білімді,өнерлі болуға тәрбиелеп,талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені кітап екенің бәріміз білеміз.
«Кітап – білім бұлағы». Кітапхана сол кітаптар тұрағы.
Кітап – ұстаз, кітап – үйретуші. Кітап - ақылшың, әрі досың Соңыңда, балаларға кітап туралы тақпақтар оқылды. Кітапханашы балаларға жұмбақтар қойды. Оқушылар жаңылтпаштарды айтуға ұмтылды.
Сағатымыз қызықты өтті. Барлық балалар белсенді қатысты.
FaLang translation system by Faboba